Мәтінді редакциялау. Редакциялау – бар құжатқа қандайда бір өзгерістерді енгізу. MS Word редакторы құжаттарды редакциялау құралдарының жиынын кеңінен ұсынады.
Тікелей редакциялау құралдарына көшпес бұрын MS Word редакторының ортасында құжатпен жұмыс жасау режімдерін қарастырып кетейік.
Экранда құжатты ұсыну құралдары. MS Word редакторында құжатпен жұмыс жасау, экранда ұсынудың мына режімдердің біреуінде жүреді:
-«Обычный» режімі.
-«Разметка страницы» режімі.
-«Структура» режімі.
-«Схема документа» режімі.
-«Web-документ» режімі.
-«Во весь экран» режімі.
-«Предварительный просмотр» режімі.
«Обычный» режімі – құжатпен жұмыс жасаудың жылдамдығын қамтамасыз етеді. Әйтсе де, бұл режімде элементтердің көбіне қол жеткізу қиындап қалады.
«Разметка страницы» режімі – пайдаланушыға ең ыңғайлысы, себебі мәтіннің терезедегі пішімі, қағазға дәл сондай пішімде шығарылады.
««Структура» режімі – құжаттың құрылымын жасауға ыңғайлы құралдарды ұсынады.
«Схема документа» режімі – арнайы құжатты экраннан оқуға арналған. Бет екіге бөлінеді: құжаттың схемасына және мәтінге. Үлкен құжаттың ішінен керек бөлімді іздеуге ыңғайлы.
«Web-документ» режімі – Интернет құжаттарын дайындауға арналған.
«Во весь экран» және «Предварительный просмотр» режімдері әдетте, құжатты редакциялауда қолданылмайды.
Мәтінді редакциялау кезінде – мәтінді ерекшелеу, түзеу, құжаттың үзінділерін көшірмелеу, орнын ауыстыру, әртүрлі символдарды, суреттерді, т.б. объектілерді енгізу әрекеттері орындалады. Осы әрекеттер мәзір жолында орналасқан: Правка, Вставка бұйрықтарына бағынышты опциялар арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, мәтіндегі бір сөзді басқа сөзге ауыстыру үшін мына әрекеттер тізбегі орындалады: Правка Заменить шыққан диалогтық терезенің «Найти» жолында ауыстырылатын, «Заменить на» жолында соны ауыстыратын сөздерді теріп, (мысалы руб сөзін тенге сөзіне) Найти далее Заменить. Немесе мына жылдам пернелер тізбегі қолданылады:
Ctrl + f немесе а (орысша)
|
Табу (Найти)
|
Ctrl + h или р (орысша)
|
Ауыстыру (Заменить)
|
Shift + F7
|
Синонимдер
|
F7
|
Жазу ережесі (Правописание
|
Достарыңызбен бөлісу: |