Мәдени – тарихи контекстідегі философия
Дүниені философиялық тұрғыда зерттеудің негізгі тарихи типтерін мынандай төрт белгі арқылы жіктеп, түсіндіруге болады:
1. Барлық тіршіліктің, шынайылықтың негізінде қанша субстанция жатыр? Философия бұл мәселені монистік, дуалистік және плюралистік философиялар арқылы түсіндіреді.
2. Универсумның көрінісі мен дамуын анықтайтын не? Бұл сұрақты философия : 1) мифологиялық; 2) діни; 3) идеалистік; 4) материалистік бағыттар арқылы түсіндіреді.
3. Философиялық бағыттарды бөлудің үшінші белгісі адамның философиядағы орнын анықтаумен байланысты. Аталған мәселені философия аксиологиялық, экзистенционалдық, гносеологиялық, праксиологиялық бағыттар арқылы түсіндіреді.
4. Дүниедегі барлық тіршілік қандай жағдайда өмір сүреді, дүниеде даму қалай жүреді деген мәселені түсіндіруде философиялық ойлау диалектикалық тәсілге, не дүниенің өздігінен дамуын терістеп, дүние сыртқы күштердің ықпалымен ғана дамиды деп тұжырымдайтын догматикалық ( маркстік терминология бойынша - метафизикалық) тәсілге сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |