Логика(грек. «сөз», «сөйлеу», «ойлау») – ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым; дұрыс ойлау өнері.
Материализм (лат. material - зат) – идеализмге қарсы шыға отырып, әлемнің жаратылуы мәселесінде материяны бірінші орынға қоятын философиялық бағыт. Материя санадан тәуелсіз өмір сүретін жеке субстанция. өз тіршілігінде ол өзінен басқа ештеңені қажет етпейді. Материя өзінің ішкі заңдылықтары бойынша тіршілік етеді және дамиды.
Монизм (грек. monos – бір, жалғыз) – дуализмге қарсы шыға отырып, әлем жалғыз түпнегізден (не материалдық , не рухани) жаратылған деп тұжырымдайтын философиялық концепция.
Метафизика (грек. тілінен ауд. физикадан кейін, табиғаттан жоғары тұрған) – болмыстың сезімнен жоғары тұрған бастамасы мен принциптері туралы философиялық ілім. «Метафизика» терминін философияға енгізген Аристотель еңбектерін жүйелеген Андроник Родосский (б.з.д.1 ғ.).
Онтология(грек тілінен ауд. «ontos» - болмыс және «logos» - ілім), яғни болмыс туралы ілім.
Плюрализм (лат. Pluralis – көпжақты) – дүниенің бірнеше немесе көптеген түпнегіздері, субстанциялары бар екенін жариялайтын философиялық бағыт.