ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ (натурфилософия) – тұтастай табиғат туралы (Ғарыш, әлем, Ғалам, универсум), яғни, кеңістік пен уақыттағы материалды болмыс туралы ілім.
ЛОГИКА – ақыл – ой, формальды ойлау, дұрыс ойлау мен пайымдау, ой – қорытындысын жасау, дәлелдеу мен аргумент жасау тәсілдері, сондай – ақ білім ақиқаттылығының формальды жағдайлары туралы ілім. Философияда формальды және дәстүрлі логикамен қатар математикалық және символикалық логика (логистика), сондай – ақ диалектикалық логикалар да бар.
ГНОСЕОЛОГИЯ (ЭПИСТЕМОЛОГИЯ) – білім, білімнің қайнар көздері, таным, танымның мәні, тәсілдері, шекаралары, түрлері, әдіс – тәсілдері, білімнің субъектісі мен объектісі, ақиқат туралы ілім.
ЭСТЕТИКА ( өнер философиясы) – әдемілік, көркемдік, оның табиғат пен өнердегі көріністері, өнердің жалпы теориясы, оның адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы ілім.