Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет68/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

5-тапсырма. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің айырмашылығын талдап көрсет.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 13], 3. [1.7: 14].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 10], 2. [1.7: 9].
Әдістемелік нұсқаулар: Омонимдер, антонимдер, синонимдер және көп мағыналы сөздерге қатысты мәлімет білу үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Омонимдер, антонимдер, синонимдер сөздіктерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріп, қиын мәселелерге қатысты конспект жасаңыз. Фонетикалық, лексикологиялық талдау жасаңыз.
5 семинар сабағы тақырыбы: Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.

1 сағат. 5-апта
Сұрақнама:
1. Еркін тіркес және тұрақты тіркес өзіндік белгілері.
2. Фразеологизмдердің түрлері .
3. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Келтірілген сөйлемдерден сөз тіркестерін теріп жазып, олардың ішінен еркін тіркестерді бір бөлек, тұрақты тіркестерді бір бөлек айырып жазыңыздар.
1. Шекер «Сырдың суын жұлығынан келтірмей» жүрсе де, енді ойланбасқа болмады (Ж.А.). 2. — Несі бар, «Ердің құны, нардың пұлы дейсің бе? — деп, Шекердің де жыны ұстап, бастырмалатып шығып кетті (Ж.А.). 3. Игілік би ақынды ұзын арқан, кең тұсаумен маңайынан ұзатпай, өрелеп ұстайды (Ғ.М.). 4. Күн арқан бойы ғана көтеріліп қалған кез еді (Сағымбаев). 5. Құдық тоғанына оралған ұзын арқанның бір ұшына үлкен екі мес байланған (С.Айни). 6. Мен дертімнен етек басты болып, ауылдық жердегі мектептің төңірегінен әрі ұзай алмадым (С.К.). 7. Төбем көкке жетіпті, есімнен шығып кетіпті (С.К.). 8. Бала кірпік қақпай көрер таңды көзімен атқызды (М.И.). 9. Шоқанның қоғамдық саяси көзқарасы демократиялық болып қалыптасты (М. А.). 10. Соған көз қырыңды көбірек сал, балам (М.И.). 11. Екінің бірі, егіздің сыңары (мақал). 12. Тізгінді тең ұстамаса, жас жылқы сыңар езу болады (Ж.Т.).
2-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып мақал-мәтел құрап жазыңыздар.
Ақ, қара, еңбек, тіл, ауыз, ер, намыс, ауыл, түзу, жақсы, жаман, ат, сұлу, жолдас, сұлтан, ит, бұлақ, көп, ағайын, дос.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет