4-тапсырма. Жалаң және күрделі сөздер туралы конспект жазыңыз. Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 13], 5. [1.7: 16].
Әдістемелік нұсқаулар: Жалаң және күрделі сөздерге қатысты мәліметтерді негізгі тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындаңыз. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасап, ерекшеліктеріне түсінік беріңіз. Конспект жазу барысында негізгі мәліметтерге назар аударыңыз.
№ 9 семинар сабағы тақырыбы: Зат есім. Сын есім. Сан есім.
1 сағат. 9-апта Сұрақнама: 1. Сөз табы дегеніміз не?
2. Жалқы есім мен жалпы есімнің айырмашылығы.
3. Сын есім дегеніміз не?
4. Сан есімнің мағыналық топтары.
Тапсырмалар: 1-тапсырма. Мәтіндегі зат есімдерге кім? не? деген сұраулардың қойылуындағы ерекшеліктерін дәлелдеңдер. Хакім отырар орнын, сырласар адамын жаңа ғана тапқандай болды. Ол Меңдіқызға қала жастарының сауық-сайранын әңгімеледі. Қазаннан келген артистердің ойынын айтты. Бірақ, қасында отырған Зағипаның түсі бір көгеріп, бір бозарып, үздіксіз құбыла берді. Ол қатты қобалжыды. Оны құйындай ұйытқытқан қызғаныш сезімі еріксіз билеп кетті. Меңдіқызға түйіле қарады. Хакімді қолынан ұстап, жетектеп алып кеткісі келді (X. Е.).
Ішім-жемі бөлек отаулар үлкен үйге араласпай да қойды. Ат-арба Игіліктікі екенін танымай тұрмысың? (Ғ.Мүсірепов). География қоғамы мен сыртқы істер министрлігі архивтерінен ресми қағаздардың Ш. Уәлиханов есептерінің, бірге оқып, қызмет атқарған достары, серіктері естеліктерінің көшірмелері берілді (Б.Молд.).
Алтайдың Көксу, мен Үлбі, Қалбы мен Нарым, Сарымсақты мен Тарбағатай, Күршім сияқты жоталарының ен бойы тұнып тұрған ағаш. (Қазақ календарынан).
2-тапсырма. Мәтіннен дара, күрделі сын есімді ажыратып, соңғысының жасалу жолын көрсетіңіздер. Туынды сын есімнің, жұрнағын тауып, қай сөз табынан сын есім жасап тұрғанын айтыңыздар. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, Бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын, аз ғана ауызы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанмен, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай (Ғ.М.). Жалтыр күннен ұялған жасты көзін сығырайтып, қарт жүзінө сансыз көп әжімін тереңдете, иреңдете жиып келеді (М.Ә.). Жусан исі бұрқырап жататын көк қыраттар, жасыл белестер сап-сары боп күйіп кетті (И.Жақ.). Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар (Мақал).