Дауыссыз фонемалар (консонантизм). Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері(жасалу орны, жасалу жолы, жасалу тәсілі,үн мен салдырдың қатысына қарай түрлері).Дауыссыз дыбыстар топтастырылуы(классификациясы).Дауыссыз дыбыстардың айтылуы, сөз ішінде қолданылуы.
Аффрикат дыбыстар. Дауыссыз фонемалардың құрамы: қазақтың төл сөздеріндегі және халықаралық сөздерден қосылған дауыссыздар. Қазақ тілі мен халықаралық сөздерге ортақ дауыссыздар (к,т,с,л,т.б.). Жасалу орнына қарай: 1) тіл тобы, 2) ерін тобы болып бөлінетіндігі. Актив, пасив сөйлеу мүшелерінің бірбірімен қарымқатынасына байланысты. 1) тіл тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: тілтіс, тіл алды, қатты таңдай, тіл ұшы үстіңгі тіс, тіл арты астыңғы тіс, тіл ортасы орта таңдай, тіл арты артқы таңдай сияқты тағы басқа түрлерге бөлінетіндігі. 2) Ерін тобына жататын дауыссыздар өз ішінен: ерін мен ерін; ерін мен тіс болып түрленетіндігі.
Жасалу жолына қарай дауыссыздар: а) қабысыңқылар тобы, ә)жуысыңқылар тобы болып бөлінеді. Жасалу тәсіліне қарай: а) қабысыңқылар тобындағы дауыссыздар өз ішінен (үзілмелішұғыл, бүйір, үзілмелісүзілмелі, діріл, айналмалы) 5 түрге бөлінетіндігі; ә) жуысыңқылар тобындағы дауыссыздардың жасалу тәсілі әрдайым сүзілмелі болатындығы; б) жуысыңқы сүзілмелі дауыссыздардың акустикасы шулы, ызың сыбысты боып естілетіні. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай: а) үнділер тобына және ә) үнсіздер тобына бөлінетіндігі, үнділер тобындағылар жасалу жолына қарай ауыз жолды, мұрын жолды болатындығы; акустикасына қарай ашық үнді, міңгір үнді болатыны. Үнсідер тобындағылар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң болып бөлінеді.
Дауыссыздардың айтылуы: а) қатаңұяң болып және ә) тіл ұшының қызметіне байланысты жуанжіңішке болып сыңар түзуі б) қазақтың төл сөзіндегі дауыссыз дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуының (үнұн, өтот, т.б.) фонетикалық мәнінің жоқтығы (тек аллофон болатыны): халықаралық сөздердегі дауыссыздардың жуанжіңішке айтылуы жаңа ұғымды сөз жасайтындығы (фонетикалық қызмет атқаратындығы). Халықаралық сөздердің жазылуына жуан, жіңішке дауыссыздардың таңбалану тәсілі. Дауыссыздар сөз ішінде қолданылуы (сөз шегін дыбыстар тіркесін талғамайтын және талғампаз дауысыздар).