Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені қазіргі заманғЫ Қазақ тілі негіздері



бет53/115
Дата03.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#133190
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Мезгілдес салалас құрмалас. Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгіл ішінде, бірінен кейін бірі іле-шала болған немесе болатын іс-әрекет, мезгілдік қатынасы жоқ, бірақ мағыналық жағынан өзара ыңғайлас болып келетін біртектес-жай-күйлерді де білдіреді. Мезгілдес салалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер "бір-бірімен да, де, және, әрі жалғаулықтары арқылы да, жалғаулықсыз да құрмаласады. Жалғаулықтарының ортақ қасиеттерімен қатар әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар.
Себептес салалас құрмалас. Себептес салалас сөйлем деп компоненттері бір-бірімен себептестік қатынаста тұратын құрмалас сөйлемді айтады. Салаластың бұл түрі өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті дейтін жалғаулықтардың дәнекерлігі арқылы да, жалғаулықсыз да жасалады.
Қарсылас салалас құрмалас. Қарсылас салалас сөйлемге құрамындағы компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін құрмалас сөйлемдер жатады. Салаластың бұл түрі қайшы мәнді жалғаулықтардың дәнекерлігі арқылы да, жалғаулықсыз да жасалады. Компоненттерді бір-бірімен ұштастырып, олар арасындағы мағыналық қатынасты айқындай, дәлелдей түсетін дәнекерлер қатарына бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, солай болғанмен деген жалғаулықтар және жалғаулық мәнді сөздер жатады. Бұл дәнекерлер екі компонент арасында келеді де, өздерінен кейінгі сөйлем құрамына енеді. Мағыналары бір-біріне қайшы келетін жай сөйлемдер кейде ал жалғаулығы арқылы да құрмаласады.
Талғаулы салалас сөйлем. Талғаулы салалас сөйлемде оның компоненттерінде баяндалған әрекеттердің екшеліп, талғаньш бірінің ғана болатындығын немесе болу керектігі баяндалады. Талғаулы салаластың компоненттері, салалас құрмаластың басқа түрлеріндей емес, тек интонациялық жағынан ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне тәуелсіз дербес әрекеттерді баяндайды. Талғаулы салаластың өзіндік бір ерекшелігі, мұның құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз құрмаласа алмайды, тек жалғаулықтар арқылы ғана құрмаласады. Талғаулы салаластың жалғаулықсыз түрінің болмауының себебі де, жоғарыда айтылғандай, компоненттерінің мағыналык жағынан бір-бірімен іліктес болмай, әрқайсыларының өз алдына дербес әрекеттерді баяндауларынан. Мағыналарында іліктестік болмағандықтан, тек сыртқарғы, бір дәнекерлер (жалғаулық) арқылы байланысып тұрады да, ол дәнекерлерден айрылса-ақ, бастары бірікпей, бөлек-бөлек сөйлем болып бытырап кетеді.
Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар - не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет