Осы принциптердің негізінде “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері” жасалған.
Тілдік норма – ауызекі және әдеби тілдің қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне түсінікті, бәрі де қолданатын тілдік амалдардың (сөз қолдану, сөйлем құрау т.б.) жиынтығы. Тілдік норма негізінен әдеби тілдің барысында жүйеге түседі, орнығып сіңісті болады. Тілді нормалау – тіл мәдениетін арттырудың шарасы. Ол тек жазба тілде ғана емес, сөз қолдануда, сөздің айтылуында, грамматиканың сөз тұлғаларын пайдалануда жүзеге асып отырады. Әдеби тілдің сараланып, жазу мәдениетінің белгілі жүйеге түсуі ұзақ жылдар бойы жүріп жатады
Алфавиттің, орфография мен орфоэпияның, терминологияның ресми түрде ретке келтірілуі, оқулықтар мен оқу құралдарын жазу, әр алуан сөздіктер шығару, баспа орнында бірізділікті ұстану тілдік норманы қалыптастыруға көмегін тигізеді.
Әдеби тілдің нормалары тілдің структуралық элементтеріне, соған сәйкес тіл білімінің салаларына байланысты 4 түрге бөлінеді: фонетикалық-фонологиялық норма; лексикалық-семантикалық норма; морфологиялық норма; синтаксистік норма
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 5], 2. [1.7: 15], 3. [1.7: 16]
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 4], 2. [1.7: 5].
Қазіргі заманғы қазақ тілі негіздеріипәнінен практикалық сабақты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Кіріспе
Студенттерге білім беру нәтижелі болуы үшін оқушының сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуына тікелей әсер ететін практикалық сабақтар екеніне баса назар аударған жөн. Бұл талапты 12 жылдық оқу жүйесі бағдарламасында мақсатты түрде жолға қойған. Педагогика пәнінен практикалық сабақтарында жаңашыл әдістерді шебер пайдалана отырып, баланың сөйлеу, ойлау қабілеттерін жете дамытуға болады.
1. Практикалық, семинар сабақтары пәндер бойынша студенттердің білім алудағы ең қажетті,қызғылықты және жемісті түрі. Практиқалық және семинар сабақтары мамандық дайындайтын кафедралардың оқу жоспарында бөлінген сағаттармен шектеледі және орындалады.
Мақсаты: Практикалық, семинар сабақтарының негізгі мақсаты- студенттің жан-жақты өзіндік ойлау қабілетін дамыту және творчествалық белсенділігін арттыру. Сабақ барысында сөйлей білу және қорытынды жасау арқылы студенттің көзқарасын, білімі мен таным денгейін кеңейту. Студенттің игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өзінің сол мәселе тұрғысында ойлауы мен талдауының қисындылығына көз жеткізіп, мәнді мағлұмат алуға мүмкіндік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |