Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 4].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7:1], 2. [1.7: 2].
№ 2 БАОӨЖ тақырыбы: Буын жігі және тасымал.
Тапсырмалар: 1-тапсырма. Сөздердің буын жігі мен морфологиялық жігі; бұларды ажырата білудің практикалық маңызы;
Шырағым, алыстан орағытып сөйлегеніңе қарағанда ақылды жас боларсың. Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық. Өйткені ақылға айтқызсаң, қарызсыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді, ең дұрысы, ештеңе айтпаған, ештеңе істемейді дейді. Ал не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды (Ә.К.).
2-тапсырма.Буын жігінің орфоэпиялық бөлінуі мен орфографиялық бөлінуінің кейде сәйкес келмейтіні, оның себебі.
Салтанаттың мінез-құлқы мен армандағандай болып шықты. Ол той өткен соң-ақ үй ішінің тірлігіне араласып кетті. Апам алғашқы кезде: " Ойбүй, қарағым, өзім-ақ істеймін. Бұл тірлік біткен бе, кейін де жетер, әлден не қыласың", – деп шыр-шыр етіп, оны ауыр жұмысқа жолатпайды. Бірақ ол: "Кейін тірлік болса бола жатар, апа. Жұмыссыз қайтіп отырамын, маған беріңіз", – деп апамның иығынан әпкішін алып сонау құдықтағы суға кетеді, не Нәкәлай заманынан қалған нән сары самауырды майыса көтеріп далаға алып шығады… (Д.И.).
3-тапсырма. Оқып шығып, қосымша жалғанған сөздерді төмендегі үлгі бойынша морфологиялық жікке және буын жігіне бөліп, бұлардың араларындағы айырмашылықты көрсетіңіз.
Үлгі:басшылықтарын Морфологиялық жік: бас – шы – лық – тар – ы - н Буын жігі: бас – шы – лық – та – рын Көз алдына “Мен осындаймын, ал сен қандайсың?” деп жауап күтіп тұрған тоқ көңіл сұлу еркек елестеді (Д.И.). Үш-төрт күннен бері сырқатпын деп, денесін зорға сүйретіп жүр еді, титығына жеткен екен ғой!.. (С.М.). Шаңқай түске қарай көтерілген күн ыстық аптабымен күйдірілмей, қалың ағашқа, жайқалған көк шалғынға, құйқалы топыраққа мол қызуын беріп, сіңіріп, балқытып келеді (Т.А.).