Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 15], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 6], 2. [1.7: 16].
№ 10 БАОӨЖ тақырыбы: Зат есім және оның түрлену жүйесі.
Тапсырмалар: 1-тапсырма. Үзіндідегі зат есімдердің құрамы мен мағыналық түріне талдау жасаңыздар.
Жыршы да, домбырашы да тыныстап жатыр. Даланың бұл егіз шежіресі сөзімен, үнімен қырды әлдилеу үшін туған ғой. Өткеннің ойлы сырын тебетіп, қам көңілді жандардың қабағын жазғаннан артық не бар! Сол жыршыны күнімен, түнімен тыңдаса да, қызық хикаяға осы бала бір қанған емес. Ертең тағы да бірі айтып, бірі тыңдауға бойға қуат жинап жатқандай еді (Х.Е.).
2-тапсырма. Мәтіннен туынды зат есімдерді тауып, мағыналық түрін ажыратып, жіктеңіздер.
а) Бір күн болмаса, бір күнде ісім түсе ме деп, ауылға жалтаң көз болып жүретін кедей-кепшік, аз ата ендігі салмақты қыл мойнымен көтеріп жатыр. Кескілескен тайталаста, барымта-тартыста соғысқан – солар (М.Ә.).;
ә) Сонда да ол шөпсіз тақырлау жерге түскен ат тұяғының таңбасын және шеттегі Сәрсен үйінің алдындағы аттың жас таңдағанын көрді. Сәрсеннің өзі Жолмұқанмен бірге жылқыларды және басқа малдарды қайтадан түгендеуге кеткен (Шешендік сөздер).
3-тапсырма. Сөйлемдерден көптік мәнді зат есімдер мен эмоция-экспрессивті мәнді зат есімдерді және көмекші есімдерді тауып тәуелдеңіздер, септеңіздер. Олардың сөйлемде қай мүше болып тұрғанын анықтаңыздар.
Үлгі: Жүрек + (-ім) = жүрегім + (-нің) = жүрегімнің; жүрек + (-ің) = жүрегің + (-нің) = жүрегіңнің.
Ағайын ішінен артық жанға жайлы мекен бар ма! Әрбір шашыңның ағарғаны мен түскеніне дейін уайым жеп, қиналатын сол ағайын-туыс емес пе еді? Сырт жүрген адамға соққан жел де ауыр тиетіні бар. Әуелі келіншек түсіріп, үй болғаныңда да өзгеден ерекше ықылас білдірісер жұртыңа өкпелейін дегенің бе? Ағажан, ақылым артық болғаннан көлгірсіп кетті деме, алды-артыңды ойлайтын тағы да біз – ағайының болып отырғаннан соң, сөйлеймін.
Негізгі әдебиет:1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].