Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ғылыми- зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері»


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық амалдары



Pdf көрінісі
бет16/46
Дата23.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#26248
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
UMK KAZ Magister gilimi zertteu

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық амалдары. 

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 

1.  «Әдіснамалық амалдар» ұгымының мәні.  

2.  Әдіснаманың әрекеттік, жүйелілік, кешенділік.  

3.  Тұлғалық, әрекеттік амалдары. 



Дәрістің қысқаша мазмұны: 

Әдіснама ( rpeк.,methodos ) - зерттеу жолы, теория, ілім дегенді білдіреді 

де тӛмендегідей 2 мағынаны береді: ғылыми таным әдісі; зерттеліп отырған 

объект  жӛніндегі  мәліметтерді  және  ғылыми  жаңалықтарды  бірізге  келтіру. 

Зерттеу  жұмысының  бағытына  лайықты  жағдай  жасап,  педагогикалық 

болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. 

Педагогика теориясына лайыкты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен 

таным амалдары аркылы педагогикалық шындықка жету тәсілдерін қолдану; 

педагогикалык болмысқа ӛзгерістер енгізу. 

Демек  зерттеудің  нәтижеге  жетуі  оның  ғылыми  кұралдарды  дұрыс 

анықтап  алып,  әдіснама  қорынан  түрлі  тәсілдерді  таңдай  білуімен  тікелей 

байланысты 

«Әдіс»  термині  тікелей  нақты  бір  нәрсеге  деген  жол  ретінде  анықталады, 

яғни  әдіснама  мағынасы  жағынан  бір  нәрсені  тану  туралы  ғылым  болады. 

Сондықтан әдіснама зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл 

ілім  жалпы  әдіснама,  ғылыми  үғымының,  теориялық  негізі,  ретінде  дамуы 

мүмкін.  Сонда  бүл  нақтылы  философиялық  жүйемен  байланысты.  Fылыми 

әдіснаманы  жетілдірудің  бастамасын  жэне  негізін  Гегель  салды,  ол  ӛз 

назарын  бірінші  болып  философиялық  әдістің  ерекшелік  сипатына,  оның 

нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына жэне әдіснаманың олармен 

үйлесімсіздігі  назар  аударды.  Гегель  әдіс  дегеніміз  мазмүнның  қозғалысы, 

құбылыстың  мәнің  ашып  кӛрсету  және  оның  мазмұнынан  тыс 

жасалмайтындыгын баса кӛрсетті. 

Педагогикалық  зерттеу  жұмыстарында  әдіснаманың  мәдениеттанымдык, 

аксиологиялық,  гуманистік,  синергетикалық,  акмеологиялық  амалдарын 

 

2

 




Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші  басылым.  

басшылықка алу арқылы мәселенің теориялык тұғыры айқындалады. 

"Мәдениет"  ұғымының  астарлары.  Мәдениет  -  адамның  әрекетінің  сапалык 

жағдайы;  Мәдениет  -  адамның  рухани-адамгершілік  дамуының  маңызды 

факторы; Адамның ӛз шығармашылық әлеуетін ашып, ӛзін-ӛзі іске қосуы; 

Мәдениет  -  қауымның  ӛмір  сүру  үлгілері  (дәстүрлері,  салттары,  мінез- 

құлық ерекшеліктері). 

«Мәдениет»  ұғымы  латын  тілінен  аударғанда  «жерді  ӛндеу,  күту,  баптау» 

дегенді  білдірсе,  ӛз  кезінде  Рим  философы  Цицерон  бұл  терминді  «жанды 

жетілдіру» мағынасында қолдана отырып, жан-жүйені ӛңдеу де жерді ӛндеу 

сияқты  таза,  кұнды  ӛнім  береді  деген  ой  қалдырған.  Адам  қандай  еңбекпен 

айналысиасын  үнемі  әрекеттің  «сыртқы»  нәтижелерімен  катар  «ішкі» 

нәтижелері  де,  яғни  адамның  ӛзінің  ӛзгеруі,  оның  қабілеттерінің,  білік, 

дағдыларының  дамуы  орын  алады.  Зат,  дүние-мүліктер  әлемін  жасау 

барысында ол ӛзінің ішкі мүмкіндіктерін де жетілдіреді. 

Синергетика  немесе  ӛзін-ӛзі  дамыту  теориясы  педагогика  үшін 

эвристикалық  мәні  бар  ӛзін-ӛзі  дамытудың  әмбебап  үлгілерін  іздеуге 

бағытталған күрделі жүйе. Синергетика ӛзін-ӛзі ұйымдастыратын үрдістердің 

жүзеге  асуының  нақты  тәсілдеріне  кӛңіл  бӛледі,  үрдістің  интерсубъектілік 

коммуникативті  ұйымдастырылуын  тірек  етеді.  Сондықтаи  да  оның  грек 

тілінен  аудармасы  «синергейя»  -  бірлесіп  әрекеттесу,  ынтымақтасу  дегенді 

білдіреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет