Бақылау сұрақтары:
Сауалнама түрлерін атаңыз?
Сұқбат алу әдісін түсіндіріңіз
Мамандық бойынша сауалнама сұрақтарын әзірлеңіз (5-10 сұрақ).
Социометриялық әдістемені түсіндіріңіз.
Практикалық сабақ 5.
Алынған ақпаратты тіркеу әдістері
Ақпарат, егер ол уақыт пен кеңістікте үлестірілуі мүмкін болса, белгілі бір міндеттер шеңберін шешу үшін пайдаланылады. Ақпарат оны тасымалдағышта (қағаз, электрондық) тіркеген сәттен бастап ресурс болады.
Ақпаратты бастапқы тіркеу мынадай түрде жасалуы мүмкін: кітапта сызулар, жиектегі белгілер. Жиектерге белгі қою үшін, осы белгілеу жүйесін пайдалануға болады:
! – өте маңызды;
? – күмән тудырады, түсініксіз;
v – негізгі, назар аудару керек;
= - қорытынды, түйіндеме, нәтиже;
В – көшіріп алу және т.б.
Ақпаратты жазба түрінде де тіркеуге болады: жоспарлар, тезистер, конспектілер.
Жоспар — бұл қандай да бір баяндаудың қысқаша бағдарламасы; қысқаша тұжырымдалған ойлардың жиынтығы - қысқа түрдегі тақырыптар мәтіннің мағыналық құрылымын білдіреді. Жоспар - бұл мәтіннің «қаңқасы», ол материалды мазмұндаудың кезектілігін жинақы бейнелейді. Жоспар жазбаның түрі ретінде, әдетте, кітаптың мазмұнына немесе мақалалардың тақырыпшаларына қарағанда, мәтін бөліктерінің мазмұнын егжей-тегжейлі көрсетеді. Жоспар түріндегі жазбалар оқылған мазмұнды есте сақтау үшін өте маңызды. Алайда, жоспар, әдетте, дерек көзінде айтылған нәрсе туралы ғана айтады, бірақ айтылған мәліметтер туралы ақпарат бермейді, яғни нақты мазмұн туралы, оның орналасу схемасы туралы аз ескертеді. Мәтінді оқу кезінде жоспар жасай отырып, ең алдымен, ойлар шекарасын анықтауға тырысыңыз. Кітапта бұл орындарды сол уақытта белгілеңіз. Жоспардың сәйкес тармағын құра отырып, қажетті үзінділерге тақырып беріңіз. Кез келген жоспарларды жазуда, ол оңай, көзбен бір шолып көріп шығуға болатындай етіп жасаңыз.
Жоспардың артықшылығы - бұл баяндаудың жүйелілігін көрсететін және оқылғанды қорытатын ең қысқа жазба; дереккөздің мазмұнын еске қайта түсіретін; конспектілер мен тезистерді алмастырады; жазбалар мен т.б. құрастыруға көмектеседі.
Жоспардың тұжырымдамасында не айтылуы керек екені ғана аталады. Не айту керек, тезисте тұжырымдалуы мүмкін.
Жоспар оның тармақтарындағы негізгі ойлар тіркелетін кезде қарапайым болуы мүмкін, және әрбір тармақ тармақшалармен нақтыланғанда күрделі болуы мүмкін.
Жоспарды жасау кезіндегі әрекеттер мынадай болуы мүмкін:
1. Мәтінді қарап шығып, оны аяқталған үзінділерге бөліңіз. Мәтіннің абзацтары бағдар бола алады, бірақ әрдайым мағыналық шекара бойында жүрмейді.
2. Негізгі сөздер мен сөз тіркестеріне сүйене отырып, әр бөліктің негізгі ойын анықтаңыз және оны тұжырымдаңыз.
3. Тұжырымдарды нақтылаңыз және оларды дәйектілікпен жазыңыз.
Е.Н.Ильиннің «Қарым-қатынас өнері» кітабынан үзіндінің мысалында үзіндінің негізгі ойы анықталып, жоспар тармағы қалай құрастырылатынын бақылаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |