Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Минералды тыңайтқыштар.
Жоспары:
1. Минералды тыңайтқыштар, өндірістің маңызы және ауыл шаруашылығында пайдалану.
2. Негізгі тыңайтқыштар: азот, калий, фосфор және кешендік.
3. Номенклатурасы, шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері, өндіріс көлемі.
Өсімдіктердің ағзаларында шамамен 30 негізгі элемент болады. Олардың 90% - ын көміртегі, сутегі және оттегі құрайды. Олардың негізгі көздері көміртегі оксиді мен су. Басқа 10% - ын келесі макроэлементтер (азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір) және микроэлеметтер (бор, мырыш, мыс, молибден және т.б.) кіреді.
Топырақтын құрамындағы қоректі заттарды қалпына келтіру үшін минералды тыңайтқыштарды енгізеді. Тыңайтқыштардың сапасы олардың қорек элементтердің мөлшерінен анықталады.
Азот – N Калий – K₂O Фосфор – P₂O₅
Мысалы: топырақтын түріне байланысты және ауылшаруашылық дақылдардың түріне байланысты 1 гектар таңайтқыштардың келесі мөлшері қажет болады. Азот (N) – 30 – 120 кг дейін, фосфор (P₂O₅) – 45 – 120 кг, калий (K₂O) – 40 – 200 кг.
Достарыңызбен бөлісу: |