Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика» Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы



бет42/75
Дата20.10.2023
өлшемі480,5 Kb.
#120010
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Байланысты:
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»-www.emirsaba.org

ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы
«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.). Педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері. Мұғалім мен оқушылардың әрекеттестігі іс-әрекет субъектісі ретінде (субъект-субъектілі қатынас) – педагогикалық үдерістің маңызды сипаттамасы. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы. ТПҮ компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық). Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты. Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі. Тұтас педагогкалық үдеріс теориясы туралы білім – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі.
«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары
Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қарастыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді. Қазіргі кезеңдегі біртұтас педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік ғалымдардың XIX-XX ғасырларда арнайы зерттеулерінің нәтижесінде қалыптасты. Ал «педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді. «Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ол педагогикалық үдеріс пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырды. П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Біршама кейін педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
«Педагогикалық үдеріс» ұғымының даму динамикасын қарастыралық. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педагогика» оқулығында педагогикалық үдеріс қандай да біртұтас қасиеттерімен сипатталады: тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту үдерістерін өзара органикалық бірлікте қарастырады, оның құрамына кіретін барлық үдерістерді өзара бірлікте қарайды: оқыту мен тәрбие әдістерінің бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі – тұлғаның бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлауының дамуына бағытталған тұжырымдаманы мектептегі педагогикалық үдерісте жүзеге асыру; педагогикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға біріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып дамуында субъект рөлін атқарады, педагогикалық үдеріске оның тұтастығын қамтамасыз ететін заңдылықтары мен ұстанымдары тән», -делінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет