Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика» Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Педагог құзыреттілігінің тәрбиенің мақсатты үдерісіне әсері



бет51/75
Дата20.10.2023
өлшемі480,5 Kb.
#120010
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75
Байланысты:
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»-www.emirsaba.org

Педагог құзыреттілігінің тәрбиенің мақсатты үдерісіне әсері
Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсері мұғалімнің және тәрбиеленушінің әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі, адамзаттың мәдениетімен барлық құрылымдық жағынан теңдес келетін және өзіне тек білімділік, операционалдық-технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құрамдас бөліктердің қамтылуы.
Құзырлылық білім беру үрдісі нәтижесінде оқушының мінез-құлқына, әрекетіне қойылатын талап ретінде оның өз тіліндегі, өз деңгейіндегі жатық сөздер, жатық іс-әрекеттер арқылы анықталатын ұғым, ал құзырлы адам нақты бір аймақта негізді шешім шығару, тиімді әрекет жасауға мүмкіндік тұғызатын білім мен қабілеттерді қамтиды
Педагог құзыреттілігінің мақсатты тәрбие үдеріске әсерін нақтылау барысында ғалым Лейбництің рефлексия - адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік; Юмнің ұйғарымынша, идеялар - сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау; Гегельдің рефлексия - екі түрлі нәрсенің мысалы мен құбылыстың өзара бейнеленуі.
Құзырлылық – бұл тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі, адамзаттың мәдениетімен барлық құрылымдық жағынан теңдес келетін және өзіне тек білімділік, операционалдық-технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құрамдас бөліктерді қамтитын қабілеттілік».
Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, олардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары.Дүниетаным – адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының бірыңғай жүйесі. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға - дүниетанымның субьектісі болып саналады.
Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным - адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік ұстанымдары.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, болжам-ой, акисома, әр түрлі табиғи және қоғамдық үдерістер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген адамның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізіне тұлғаның дүниеге көзқарасы, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы, дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды да меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім, ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелермен толығып, жетіліп отырады.
Дүниетанымдық қызметінің бірі - әлеуметтік аксиология: құрылымдық-құндылықтық, интерпретаторлық және сындарлық болып бөлінеді. Құрылымдық–құндылық қызметінің мазмұны: Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқты түсініктерді талдау. Сондай-ақ, оған әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады. Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат адамгершілікке негізделеді.
Жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір қызметі жалпы білімді, оның құбылыстарын тану мен бағалу және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктерін білдіреді. Жеке тұлғаның дүниетанымы: заттық-мазмұндық, психологиялық және эмоциональды-жігерлік категория.
Әлеуметтік орта - қоғамдық-экономикалық формация түріне, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі топтың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмысы мен кәсібіне тәуелді. Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық қалпында өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация - әлеуметтік орта - өмір салты – жеке тұлға – дүниетаным ұйтқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет