Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика» Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі



бет35/75
Дата20.10.2023
өлшемі480,5 Kb.
#120010
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
Байланысты:
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»-www.emirsaba.org

Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу – зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау әдісі. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуде ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе мұғалімдердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.
Ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері. Ғылыми әдіс – ғалымдардың өзінің зерттеу жұмысында пайдаланатын категориялардың, құндылықтардың, реттеуші ұстанымдардың, білім беру модельдерінің, әрекет үлгілерінің және т.б. жүйесі. Ғылыми әдіс – ғалымның назарын аударған шынайы болмысты зерттеудің құралы.
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері. Теориялық сипаттағы әдістер нақты педагогикалық үдерістердің талдауынан шығады да, олардың даму көздерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды нысандарды құру жатады.. Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты немесе түрде ол кез келген зерттеуде қолданылады.
Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен технологиясы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің деңгейлері:
1) эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау арқылы практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2) теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ашылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3) әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылыстың жалпы ұстанымдары, әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет