Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика» Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негізі



бет52/75
Дата20.10.2023
өлшемі480,5 Kb.
#120010
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75
Байланысты:
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»-www.emirsaba.org

Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негізі. Философияның түрлі бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы.Философияның өзі де дүниетаным. Философия тәрізді дүниетанымның басқа формалары да бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның, басқа дүниетаным формаларынан айырмашылығы – оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Философияның категориялық апараты бар, өз дамуында барлық ғылымдар мен адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді.
Философия мәні ”дүние - адам” мәселесі туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді: бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы; таным принциптерінің кешені, таным әрекетінің жалпы әдісі. Осыған орай, философияның дүниетанымдық және әдіснамалық басты екі қызметі анықталады.
Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік (адамгершілік) қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез-құлықтың жоғары деңгейдегі көрінісі. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі.
Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі.
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазіргі таңда мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігіне аса мән беріледі.Қазіргі қазақ қоғамының отбасындағы өмір салты бұрынғы дәстүрлі отбасындағы өмір салтынан өзгеше қалыптаса бастады. Әсіресе индустриалы қоғамға еніп, технологиялық дәуірге ауысқаннан кейін, отбасының құрылымына, отбасылық құндылықтарға деген көзқарас та өзгеріп бара жатыр. Қазақтың дәстүрлі ұғымында «Отбасы – бүкіл берекенің бесігі» деп есептелсе, заманның, қоғамдық өмір тәсілінің өзгеруіне байланысты қазақтың отбасына деген дәстүрлі көзқарастары өзгеру үстінде».
Тәрбие мәнін, оның қоғамдық құбылыс екендігін төмендегідей негізгі белгілері сипаттайды:
- тәрбие өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өмірін іс-тәжірибені игеруі арқылы өндіріс жағдайына бейімделуі, қатынасуы, аға ұрпақтың өндірісте орнын басуы, оларды алмастыру қажеттігінен туды;
-тәрбие мәңгілік, қажетті, жалпы, тарихи, таптық категория. Ол адамзат қоғамы пайда болысымен пайда болды, әрі қоғам өмір сүрген кездің бәрінде өмір сүре береді. Ол қажет, себебі қоғам өмір сүруінің қоғамдық сабақтастығының, әрі ұрпақтар жалғастығының қатынасын қалыптастырудың, адамды дамытудың құралы.
Тәрбие категориясы жалпы: онда қоғамдық құбылыстардың өзге де құбылыстармен заңды байланысы мен бір-біріне тәуелділігі көрінеді. Тәрбие адамды біртұтас оқыту мен білім беру негізінде әлеуметтендіруді қалыптастыруды қарастырады.
-тәрбие әрбір қоғамдық тарихи даму кезеңінде өзінің орны, мазмұны мен түрі жағынан нақты тарихи сипатта болады.
-жас ұрпақ тәрбиесі олардың әлеуметтік тәжірибенің негізгі әрекеттерін игеруі арқылы жүзеге асады.


1



10- дәріс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет