Тұтас педагогикалық үдерістің оқыту құралдары – іс-әрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас) Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі «Форма» ұғымына С.И.Ожегов «белгілі мазмұны бар бір нәрсенің түрі, құрылымы, құбылысы, қрастырылымы, типі», - деп анықтама береді. Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте немесе қарым-қатынас кезінде тәртіптің мәдени формаларын игереді.
Оқыту әдістері оқушылардың білім алудағы мақсаты, үлкен нәтижелерге жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде жаттықтырушының рөлін атқарады, ол өзінің жұмысын жақсы біледі және оқушыларды жақсы нәтижеге жеткізеді.
Оқыту индукциялық пен дедукциялық әдістер арқылы құрылады. Индукция - ой тұжырымының жекеден жалпыга өтуін білдіреді. Оның үш түрі бар: индуктивтік қорыту; аналогия (ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы пайымдау.
Сабақ – оқытудың негізгі формасы Оқыту әдістері 1.Қазіргі сабақтың теориясы.
2.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары.
3.Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.
4.Оқыту әдістері
Сабақ - нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада берілетін білім және тәрбие негіздерін қамтиды. Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған. Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тәсілдері де бар. Мысалы, сабақтар былайша жіктеледі: дидактикалық мақсатына қарай (И.Т. Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің негізгі кезендеріне қарай (С.В. Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М. Яковлев, A.M. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н. Борисов), оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне қарай (Ф.М. Кирюшкин).
М.И. Махмутов ұсынған сабақ құрылымы сабақты ұйымдастыру, жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейіне қарай бөлінеді. Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип - жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы; 2- тип - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, қабілеті мен дағдыларын қолдану сабақтары; 3-тип - білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип - аралас сабақтар; 5-тип - білімді, іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойындамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен түрады: сабақ жүйесін тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақтылап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру.