Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика» Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру



бет71/75
Дата20.10.2023
өлшемі480,5 Kb.
#120010
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»-www.emirsaba.org

Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру
Таным үдерісі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үрдісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үрдісі болып табылады.
Таным дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейлеленуі. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі. Танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекет мазмұнына және үрдісіне тұлғаның іс-әрекетінің сапасы.
Т.И. Шамованың пікірінше танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекет мазмұны мен үрдісіне, іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін меңгерудегі талпынысына, оқу-танымдық мақсаттарға жетудегі адамгершілік және еріктілікті жұмсауға, танымдық қызығушылықтың бағытылығы мен тұрақтылығына қатынасынан көрініс табатын тұлға іс-әрекетінің сапасы.
Осы мәселеге қатысты іргелі еңбектер Г.И.Щукинаға тиесілі. Оның анықтауынша оқушыныңтанымдық іс-әрекетін белсендендіру – оқу мен оқытудың қалыптасып қалған түрлеріне деген инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған үрдіс.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдары:
  1. Оқыту үрдісінде іс-әрекеттік тұрғыдан оқыту бағытын пайдалану қажет.


  2. Тұлғалық-бағдарлық бағыттың ұтымды идеялары.


  3. Оқытудағы ізденістік тұғыры.


  4. Оқытуда ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктерін толық пайдалану.


  5. Оқытудағы дифференцияциялау.


  6. Ұжымдық-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.




Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру. Оқыту – оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларды оқытудың мотивтері. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті. Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары. Педагог-новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы мен технологиясы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері.
Оқушылардың өз бетімен білім алуы, ақпараттық, коммуникативтік, құзыреттілігі, функционалды сауаттылығы - олардың белсенді танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге әсері.


15- дәріс








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет