Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет32/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, білім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді. Сұхбат бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады. Сауалнама жүргізу материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі.
Эмпирикалық танымда байқаудан бөлек экспериментті қолданады. Эксперименттің мақсаты, пәні, анықталған шарттары, құралдары, әдістері және т.б. нақты болғанда ғана толыққанды ұйымдастырылады. Педагогикалық эксперименттің мақсаты - заңдылықтарды орнату, фактілерді табу.
Педагогикалық эксперимент жүргізу өте күрделі және тынымсыз еңбектенуді талап етеді. Көбінесе экспериментті дайындау оны өткізуден күрделі рәсім.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұрақ–жауап (интервью, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады. Педагогикалық консилиум әдісі.Оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылауды қамтиды. Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін.
Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері. Тестілеу – бұл жеке тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті бағалауға көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегімен тестілеудің нәтижесі шығарылды. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет