Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет53/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын байта қарауды талап етеді.
Шындығында оқушының іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмеседе оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демеушілер, әдіскерлер, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру органдарының қызметкерлері т.б. енеді.

Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнында; оқу-тәрбие үрдісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқушыларды білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс табуы керек. Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз тәрбие технологиясын басқа педагогикалық технологиялармен сыңи тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет.


Жаңашыл үрдістің мазмұндық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие үдерісінде, мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінде ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде, түрінде, тәсілінде, құралында және т.б. жаңашылдығымен көрініс табады.
Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:

  1. Сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

  2. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.

  3. Қоршаған ортаға ізгілік қарым қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

  4. Жеке тұлғаның бойындағы құндылықтарды қалыптастыруда рухани сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болыпт абылады.

  5. Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді, құзыреттілікті қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет