Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Кәсіптік бағдар жұмысының ерекшеліктері



бет60/74
Дата13.10.2022
өлшемі212,74 Kb.
#42837
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Кәсіптік бағдар жұмысының ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар», - деп атап көрсеткендей болашақ маманның кәсіби құзіретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз — мектеп директоры, мектептің оқу және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасарлары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, , әлеуметтік педагог, психолог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып оқушылардың бойындағы темперамент, мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, қарым - қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру теориясы мен әдістемесі А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова т.б. еңбектерінде жан - жақты зерттелген.
Отбасы - үйелмендердің жанұялық бірлігі, қоғамның құрамындағы институт, баланың туған сәттен бастап әлеуметтену қызметін атқаруына ықпал етеді. Р.Н.Нұрғалиевтің басшылығымен дайындалған сөздікте: «Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы»,- деп атап көрсетеді.
Отбасы қоғам және жеке тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды қызмет атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты қызметі:

  • өмірге ұрпақ әкеліп, халық санын арттыру;

  • тәрбиелік қызметі – білім, білік, дағды, адамгершілік құндылықтарды арттыру, яғни рухани құндылықтар жасау;

  • отбасының өндірістік-шаруашылық қажеттігін өтеуі;

  • отбасындағы бос уақытты өткізу - отбасы мүшелерімен қарым-қатынас құру.

Отбасының жеке адамға қатысты қызметі:

  • ерлі-зайыптылық. Олар біріне – бірі серік болып, біріне-бірі моральдық тірек көрсетеді;

  • ата-аналық. Өмірге үйлесім әкеліп, ата-аналарының үмітін ақтау, оларға қамқор болу;

  • тұрмыстағы отбасының психологиялық ахуалының үйлесімі.

Қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму бағыттарына ескерудің бала тәрбиесі үшін маңызы зор.




11- дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет