4) Педагогикалық технологияның рефлексиялық қызметiне: - педагог пен баланың өзiндік тұлғалық өсулерiн жете түсiнулерi;
- педагогикалық әрекеттестiк нәтижесiн объективтi бағалау мүмкіндігі;
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара әрекеттестiк тәжiрибесiн саналы түсiнулерi мен меңгерулерi;
- педагог пен оқушылардың iс-әрекеттерiн өзiндiк талдау, өзiндiк бағалау;
- тұлғалық даму себептерi мен жағдайын белгiлеу жатады.
5) Педагогикалық технологияның дамытушылық қызметiне: - бала мен педагогтың дамуына қажеттi жағдай жасауы;
- оқушы мен мұғалiмнiң өзiн-өзi дамыту құралдарын қамтамасыз етуі;
- әрбiр баланың потенциалды мүмкіндігінің дамуын қамтамасыз ету;
- педагогтың кәсіби шеберлігінің дамытуы жатады. Білім беру тәжірибесінде педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметтерінің аясына байланысты Г.К.Селевко олардың қолданылуының өзара тәуелді үш деңгейін атап көрсетеді:
Жалпы педагогикалық(жалпыдидактикалық) деңгей: бұл деңгейдегі технология бір өңірдегі, оқу орнындағы, нақты бір оқыту сатысындағы тұтас білім беру үрдісімен сипатталады. Бұл жерде педагогикалық технология педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады.
Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей:бұл деңгейдегі технология «жеке пәндер әдістемесі» немесе бір пән, сынып көлеміндегі оқыту мазмұнын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қолданылады.
Локальды (модульдік) деңгейдегі технологияоқу-тәрбие үрдісінің жеке бөліктерінің дидактикалық немесе тәрбиелік міндеттерін (өздік жұмысты ұйымдастыру технологиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы, білімнің меңгерілуін тексеру технологиясы, т.с.с.) шешуімен сипатталады.
Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзiндiк жiктеуiн ұсынады:
Педагогикалық қарым-қатынасты iзгiлендiру мен демократияландыруға негiзделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш.А.Амоношвилидiң iзгiлiктi-тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның әдебиеттi адам қалыптастыру пәнi ретiнде оқыту жүйесi, т.б.);