қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың қандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);
тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар аудиториясындағы қарым-қатынасқа жағымды психологиялық ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалық жүйелі түрде жеткізу);
мазмұнды және эмоционалды кері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ақпаратты баяндаудың логикалығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып аясына шоғырландыру, қызықты проблемалық сұрақтар қою, оқушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатыларбойынша іске асырылады.
Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты созылмалы немесе тым қысқа болуы мүмкін.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек.
Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс түрлері.Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастыңсан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде адамдар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады: вербалды, вербалсыз, интерактивті, перцептивті қарым-қатынас.
Вербалды қарым-қатынас – адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас.