ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМК құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-18-38.1.64
/03-2014
ПОӘК
«Статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
№2 басылым
25.06.2014ж.
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері»
«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014
Мазмұны
1
Глоссарий
3
2
Дәрістер
5
3
Практикалық сабақтар
73
4
Студенттердің өздік жұмыстары
81
1 ГЛОССАРИЙ азғындалған газ – температурасы азғындау температурасынан төмен болган жағдайдағы кванттық газ
бозе-газ – спиндері нөлге немесе бүтін санға тең. Бозе – Эйнштейн статистикасына бағынатын бөлшектерден тұратын кванттық газ
бозе-эйнштейн статистикасы – бозондардан тұратын жүйеге қолданылатын кванттық статистика
бозе-эйнштейн конденсациясы – азғындау температурасынан төмен температурада көптеген бозондар ең төмен энергияға ие болатын күйді толтыратын құбылыс. Кез келен басқа күйде бозондар саны аз болады
бозе-эйнштейн үлестірілуі - өзара әрекеттеспейтін энергиясы болатын күйде орналасатын бозондар санының орташа мәні
,
мұндағы - химиялық потенциал, k –Больцман тұрақтысы
бозон – нөлдік немесе бүтін спинге ие болатын бөлшек немесе квазибөлшек. Бозон Бозе-Эйнштейн статистикасына бағынады