Молекулалық биологияның негізгі жаңалықтары:
1869 жылы Ф. Мишер ДНҚ-н ашты;
1935 жылы А.Н. Белозерский өсімдіктен ДНҚ-н бөліп алды;
1940 жылы У.Эстбюри ДНҚ-ң алғашқы рентгеннограммасын жасады;
1951 жылы Л.Полинг және Р.Кори ақуыздардың полипептидті тізбегіндегі амин қышқылы қалдықтарының негізгі типтерін анықтады;
1944 жылы О.Т. Эвери ДНҚ тұқым қууалау ақпаратын тасымалдаушы екендігін анықтады;
1952 жылы Р.Франклин мен М.Уилкинс ДНҚ-ның жоғары сапалы рентгенограммасын түсірді;
1953 жылы Д. Уотсон және Ф. Крик ДНҚ-ң қос спиральды моделін жасады;
1960 жылы РНҚ транскрипциясын жүзеге асыратын полимераза ферменті ашылды;
1961 жылы Ф.Жакоб және Дж.Моно бактерияларда гендердің ұйымдасып жұмыс істеуінің және гендік белсенділіктің реттелуінің оперондық (лат. ``operare`` - жұмыс істеу, қызметіне қарай бір-бірімен байланысты ферменттердің синтезін анықтайтын гендер тобы) принципін ашты;
1969 жылы АҚШ-та Г.Хорана қызметтестерімен бірге химиялық жолмен алғашқы генді синтездеді.
Д. Уотсон мен Ф. Крик және т.б. көптеген ірі молекулалық биологтардың керемет жаңалықтарының нәтижесінде ХХ ғасырдың 60 жылдарында-ақ жасушадағы генетикалық ақпараттың берілу жолы анықталды: ДНҚ-РНҚ-Ақуыз.
Сосын біртіндеп ДНҚ репликациясы, транскрипция (РНҚ биосинтезі), трансляция (ақуыз биосинтезі) механизмдері анықталды.
Мұнымен қоса бұл процестердің клетка ішінде таралуын зерттеу жұмыстары дамыды, осының негізінде клеткаішілік компоненттердің (ядро, митохондрия, рибосома) функционналдық маңыздылығы анықталды және Д. Уотсонның 1968 жылы молекулалық биологияға анықтама беруіне негіз болды: «Молекулалық биология биологиялық макромолекулалардың құрылымдарының байланысын және клетканың негізгі компоненттері мен олардың қызметтерін, сонымен қатар тіршіліктің негізін құрайтын клеткада жүретін барлық процесстердің үйлесімділігі мен тұтастығын біріктіретін клетканың өзін-өзі реттеуінің негізгі принциптері мен механизмдерін зерттейді».
Кейіннен бұл ереже кері транскрипция (РНҚ матрицасындағы ДНҚ синтезі) және РНҚ репликациясы процестері туралы ұғымдармен толықтырылады. Тұтас ферменттер қатарын (кері транскриптаза, ДНҚ рестриктаза және т.б.) мақсатты түрде қолданудың әдістерінің ашылуы және талдануы нәтижесінде рекомбинатты ДНҚ алу технологиясы жасалды, молекулалық биология тарихындағы революциялық оқиға бол
ХХ ғасырдың 70 жылдарының соңы мен 80 жылдарының басында молекулалық биология ең бір кемелдену кезеңіне қадам басты. Ферменттердің және биологиялық мембраналардың құрылымы белсенді түрде зерттелді, жоғары сатыдағы организмдердің геномының құрылымын анықтау жұмыстары басталды, жаңа биотехнологияның негіздері жасалды, ақуыз инженериясы дүниеге келді.
Молекулалық биологияның қарқынды дамуының нәтижесінде ХХ ғасырдың 80 жылдарының басында жаңа ғылым саласы биоинформатика (сандық биология, компьютерлік гентика) дүниеге келді.
ХХ ғасырдың молекулалық биология кеңейе түсті, біршама міндеттері: геном құрылымының құпиясын ашу, гендер банкін құру, геномдық дактилоскопия; клеткалардың жіктелуінің, биоалуантүрліліктің, дамудың және қартаюдың, канцерогенездің (қатерлі ісіктің пайда болуы), иммунитеттің молекулалық негіздерін зерттеу және т.б.; генетикалық, вирустық ауруларды анықтау және емдеудің әдістерін ашу; азық-түлік және әртүрлі азықтық биологиялық белсенді қосылыстар (гормондар, энергия сақтаушы заттар, релизинг-фатор) өндірісінің жаңа биотехнологиясын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |