Пәннің ОҚУ-Әдістемелік қҰралы физикалық және коллоидтық химия



бет28/31
Дата24.05.2023
өлшемі415,87 Kb.
#96881
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Зертханалық жұмыс 13
Тақырыбы: Үш құрылымдық жүйедегі сұйықтардың өзара ерігіштігін зерттеу.


Мақсаты: Берілген үш сұйықтың өзара ерігіштігін анықтап, ерігіштік диаграммасын тұрғызу.
Студент білуі қажет: Үш сүйықтың өзара ерігіштігін, олардың әр түрлі қатынастағы қоспасын әзірлеу, үш сүйықтың ерігіштік диаграммасы, үштік жүйе құрамын көрсетуге арналған үшбұрыш. Гиббс әдісі. Розебом әдісі.
Бақылау сұрақтары:
1. Үш құрамдас жүйе құрамын Гиббс және Розебом әдісі
бойынша қалай көрсетеді?
2. Біреуі шекті және екеуі өзара шексіз еритін сұйықтарға арналған ерігіштік диаграммасы қандай болады?
3. Екі және үш сүйық ерігіштік диаграммаларының айырмашылығы неде?
4. Шегіне жеткен межелі нүкте дегеніміз не?
5. Егер берілген құрамдағы нүкте қисықтан аулақ, қисықтың өзінде және межелі нүктеде болса, жүйедегі еркіндік дәреже саны қанша болады?
6. Жанасқан қабат пен межелі нүкте жағдайындағы құрамды аныктау үшін тәжірибе кезінде қолданылатын иін ережесінің мәні қандай?
Жабдықтар мен ыдыстар: Тығынды пробирка - 8, бюретка - 3, 50 мл бөлу құйғыштары, 30-50 мл тығынды колба -2 дана.
Реактивтер. А - ацетон, метил спирті, этил спирті, сірке қышқылы, диоксан, В - бензол, толуол, ксилол, хлороформ, төрт хлорлы көміртек, С - таза су.
Жұмыс реті: Үш құрамдас бөлікті жүйенің ерігіштігін, әр түрлі құрамдағы екі сұйықтың гомогенді қоспасын, үшінші затпен титрлеу арқылы анықтайды. Титрлеуді ылайланғанша не ерімейтін қабаттың алғашқы тамшысы пайда болғанша жүргізеді, ылайдың көрінуі екінші фазаның түзілуін, гомогенді жүйенің гетерогендіге түрленгенін нұсқайды. Мұны асқан сезімталдықпен байқап, мұқият қадағалау нәтижесінде анықтайды. Ол үшін қос тәжірибе жүргізеді. А мен В қоспаларын С затымен және А мен С қоспаларын В мен титрлейді (лаборант не оқытушы нұсқауы бойынша). Бөліну аймағын көрсететін қисық айқын болуы үшін, мына құрамдағы екі сұйық қоспасын әзірлеген жөн:



А
В

2
8

4
6

5
5

6
4

8
2

8,5
1,5

9
1

9,5
0,5

А
В

2
8

4
6

5
5

6
4

8
2

8,5
1,5

9
1

9,5
0,5

Әрбір сұйықты жеке-жеке бюреткаға құяды. Әуелі А мен В сұйықтарын кестедегі рет бойынша бірнеше колбаға қоспалар жұбын бюреткадан құйып, әрқайсысын С заты бар бюреткамен титрлеп, оған кеткен мөлшерін анықтайды, сонан соң екінші А мен С қоспаларын дайындап, оларды да В құйылған бюреткамен титрлейді. Бұлардың нәтижесін кестеге жинақтайды:



Реті

Көлем, мл

Көлем қосындысы

Көлемдік үлес, %

VA

VВ

VС

































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет