Изохоралық процесс (V = const; ΔV = 0). Ұлғаю жұмысы қысым мен көлем өзгерісінің көбейтіндісіне тең болғандықтан, изохоралық процесс үшін аламыз:
(11)
(12)
(13)
Изотермиялық процесс (Т = const). Күй теңдеуінен бір моль идеал газ үшін:
(14)
Осыдан:
(15)
(15) теңдеуді V1 ден V2 дейін интегралдап, аламыз
(16)
Изобаралық процесс (Р = const). Изобаралық процесс кезінде сыртқы қысымға қарсы газ жұмысы газ қысымының көлем өзгерісіне көбейтіндісіне тең:
(17)
1 моль идеалды газ теңдеуін (17) өрнекке қолдансақ
, (18)
Бұл мәндерді (17) өрнекке апарып қойсақ:
(19)
Егер (19) теңдеудегі температура айырымын 1 К тең деп есептесек, онда А = R; олай болса, универсалды газ тұрақтысы R мән жағынан алғанда 1 К қыздырғанда 1 моль идеалды газ жасайтын ұлғаю жұмысына тең.
Адиабаттық процесс (Q = 0). Адиабаталық процесс кезінде ұлғаю жұмысы газдың ішкі энергиясының төмендеуі есебінен жасалады:
(20)
Егер, тұрақты қысым кезінде жылусыйымдылық Cv температураға тәуелсіз болса (көптеген реалды газдар үшін дұрыс болып есептелетін), газдың адиабаттық ұлғаюы кезінде жасалатын жұмыс, температура айырымына тура пропорционалды болады:
(21)
Алынған шаманы әр түрлі процестер жұмыстары үшін жазылған (5) теңдеуге апарып қойсақ, бұл процестердің жылу эффектілері үшін төмендегіні аламыз:
(22)
(23)
(24)
(24) теңдеудегі бірдей индексті айнымалыларды топтасақ:
(25)
Осыдан жүйенің жаңа күй функциясын аламыз – энтальпия H, ол ішкі энергия мен қысымның көлемге көбейтіндісінің қосындысына тең:
Сонда (25) теңдеу келесі түрге ие болады:
(26)
Яғни, изобаралық процесстің жылу эффектісі жүйенің энтальпия өзгерісіне тең болады.