Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


дәріс. ХХ-ғ-ң екінші жартысындағы АҚШ-тың білім беру саласындағы мамандары мен педагогтарының-педагогикалық идеялары



бет57/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
10 дәріс. ХХ-ғ-ң екінші жартысындағы АҚШ-тың білім беру саласындағы мамандары мен педагогтарының-педагогикалық идеялары.



  1. АҚШ: Уильям Х.Килпатрик, Елена Паркхерст, Карл Роджерс, Эрик Берн, Филлип Кумбс, Кьелл Рудестам, Джером Брунер, Харбенс С.Бхола.

Еуропа, Америка, Азия, Африка елдерінің XX ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық идеялары мен білім беруінің дамуы. Осы кезең Еуропа елдерінің және АҚШ –тың экономикасы мен өнеркәсібінің аса қарқынды дамуымен, ғылыми –техникалық прогресімен сипатталады да, әлемдік экономикалық өрлеу кезеңі деп аталады. Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы, әлемнің екі лагерьге бөлінуі, капиталистік және коммунистік идеологиялардың үстемдік құруы, коммунистік блоктың күйреуі, жаһандық процестердің (үдерістердің) өршуі –осылардың барлығы – XX ғасырдың екінші жартысына тән өзіндік сипаттар. XX ғасырдың соңына қарай әлемде жаһандық экономикалық кеңістік қалыптасты. Сонымен бірге білім беру мен педагогикалық ой да күрт дамыды. Еуропаның бірыңғай білім беру кеңістігін құру бойынша алғашқы қадамдары жасалды.
Білім беру жүйесінің құрылымы айтарлықтай кеңейтіле түсті. Бүгінгі заман адамының білім алуға 15 жылдай уақыт жұмсайтыны баршаға белгілі. Білім беру жүйесі мектепке дейінгі, орта, жоғары, ЖОО –дан кейінгі, қосымша білімді қамтиды. Соншалықты ауқымды жүйе бір сәтте пайда болған жоқ, ол қоғамның көп ғасырлар бойы дамуының нәтижесі. Міндетті бастауыш білім туралы ең алғашқы заңдардың Австрияда 1774 жылы, Германияда (Пруссияда) 1754 жылы, Францияда 1882 жылы, Чехияда 1774 жылы, Швецияда 1876 жылы, Англияда 1870 жылы, Италияда 1877 жылы, Жапонияда 1872 жылы қабылданғанын тарихтан білеміз. XX ғасырдың екінші жартысында жоғары білім алу элитарлықтан көпшілік сипатқа айналған ахуал қалыптаса бастады. XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО «Өмір бойы білім алу» – «Iteling learnig» парадигмасын қалыптастырды.
1968 жылы Ф.Кумбстың «Білім берудің дағдарысы» аталатын кітабы жарық көрді. Оның сараптық бағасы бойынша білім берудің жаһандық дағдарысының себептеріне жататындар:
1. Адамдардың білім алуға қатысты күрт өскен әлеуметтік сұранысы;
2. Қаражаттардың жетіспеуі, соның салдарынан жүйе жаңа талаптарға жауап бере алмайды;
3. Білім беру жүйесінің енжарлығы;
4. Қоғамның өзінің енжарлығы;
Осындай баға XX ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70- ші жылдарында бүкіл Еуропа елдерінде білім беру реформаларын дұрыс жүргізуге септігін тигізді.
XX ғасырдың екінші жартысын білім беруді дамытудың мегаүрдісі сипаттайды: міндетті орта білімді жаппай енгізу мен жоғары білімнің бұқаралығы (жаппайлығы), білім беруді демократияландыру (дербестендіру), білім беруді әртараптандыру, білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру мен технологияландыру, білім беруді интернацияландыру мен жаһандандыру, осы кезеңде орта және жоғары кәсіптік білім беру белсенді түрде дамыды. Осылардың барлығы Еуропа елдері мен АҚШ – та жаңа ұжырымдамалардың, теориялар мен идеялардың, жаңа және ең жаңа педагогикалық ойдың туындауына себеп болды.
XX ғасыр білім беру жүйесін кеңейту арқылы қоғамды өзгертті. Білім беру саласындағы көптеген ғалымдар, бір жағынан, білім беру арқылы дүниені, қоғамның дамуы мен мемлекетті жақсартуға болатынына сенім артса, екінші жағынан білім беру жүйесі мемлекеттік құрылым мен қоғамдық қарым-қатынастарды, қазіргі заманғы кезеңдегі мәдени дамуды айна сияқты көрсетеді. Білім мен саясаттың, білім мен мәдениеттің, білім мен қоғамның өзара ықпалдастығының теориялық рефлексиясы педагогика ғылымының өзін өзгертті және кеңейте түсті. Ол айқын пәнаралық сипат алып, инновацияларға, басқа гуманитарлық ғылымдардың жаңа білімдеріне есігін айқара ашып, серпінді дами бастады.
XXғасырдың екінші жартысында жаһандық екінші ғылыми революция болғанын атап өтеміз, ғылым постклассикалық емес даму кезеңіне ауысты, бұл кезеңде гуманитарлық ғылымдар серпінді дамиды.
Педагогика «тәрбиелеу теориясынан» «тәрбие және білім беру теориясына» өзгеріп, білім беру саясаты, білім беру менеджменті, ересектерге арналған білім, білім тарихы, педагогикалық өлшем, халықаралық және салыстырмалы білім, масс-медиа білім беру, білім экономикасы, білім беру қызметтері жөніндегі зерттеулерді өз саласына енгізді.
Дидактиканың өз тәсілдерді жаңартып, оларды жеке адамды, когнитивті ептіліктер мен машықтарды дамытуға, біліктілікті қалыптастыруға бағдарланды.
Техникалық және технологиялық революция дәуірінің әлеуметтік, саяси, педагогикалық талаптарының деңгейіне жақындай түскен мектеп өз келбетін өзгертті. Дағдарыстық құбылыстардан арылу ескіргеннің диалектикалық жойылуы мен жаңаның пайда болуы, педагогика мен білім беруді жаңа мазмұнмен толықтыру арқылы жүрді. Осы заманғы шетелдік педагогиканыңидеялық базасы ұдайы жаңартылып және түзетіліп отырды. А.Н.Джуринскийдің пікірі бойынша, батыс педагогикасындағы елеулі дидактикалық тұжырымдамалардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- дәстүрлі үлгіні;
- рационалистік үлгіні;
- феноменологиялық бағытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет