Низами Гәнжауи тағылымы – тәрбие тәлімі Азербайжан ақыны әрі ойшылы Низами Гәнжауи 1141 жылдар шамасында туған. Еңбектерін парсы тілінде жазған. Өз заманы үшін едәуір білім алды. Жас кезінде лирикалық өлеңдер жазып көрді. 1173 жылы Аппақ атты қыпшақ қызына үйленіп, көп өлеңдерін соған арнаған. Низами Гәнжауидың негізгі шығармасы «Хомсе» («Бес кітап»). Оған «Құпия қазына» (1173-80), «Ләйлі мен Мәжнүн» (1188), «Жеті ару» (1197) және «Ескендірнама» (1203) атты бес дастаны кіреді. Лирикалық өлеңдер жинағының (динаванның) жекеленген бөлімдері 6 қасида, 116 ғазел, 20 рубай сақтаған. Низами дастандары композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем тілі, биік гумманистік-философиялық поэма. Ақын онда өкімет басшыларын әділ болуға, қарамағындағы халқына қамқорлық жасауға шақырады. Поэма діни сарында жазылғанымен негізінен гуманистік мақсатты көздейді. «Хұсрау мен Шырын» поэмасында Хұсрау Шаһтың Шырын сұлуға деген махаббат суреттелген. Шығармада басты кейіпкер ретінде Шаһх емес, әйел бейнесі алынған. Автор Шырынды ғажайып қасиет иесі етіп көрсетеді. Поэмада ерлік пен адамгершілік үлгісі ретінде Фарһад суреттелген, «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы екі араб аңызының сюжеті негізінде жазылған. «Жеті ару», Баһрам Гур шаһ жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Баһрам Гурдің жеңіл, мінезді Шаһзададан біртіндеп ақылды да әділ патшаға айналуы, жолсыздық пен зұлымдыққа қарсы күресі суреттеледі. Автор халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халін көрсетумен бірге сарай маңындағылардың қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерелейді. Соңғы поэма «Ескендірнама» деп аталады. Автор бұл поэмасын өз шығармашылығының қорытындысы деп санайды. Низами Гәнжу шығармашылығы кейінгі дәуірлерде, шығыстың көптеген ақын-жазушыларына елеулі әсер етті. ХІІІ ғасырдан бастап Низами поэмаларына еліктеп жазылған ондаған шығарма пайда болды. Мысалы, оған Әмір Хұсрау Дехлеун, Ә. Науаи, Ә. Жәми Каши тағы басқалардың дастандарын жатқызуға болады. Низами шығармалары қазақ еліне көптен мәлім. Оның дастандары ерте кездің өзінде-ақ қазақ арасына ауызша және жазбаша түрінде кеңінен таралған. Низами Гәнжауи негізінде Абай «Ескендір» атты поэма жазып, ұлы ақынның идеяларын одан әрі дамыта түсті. Совет өкіметі жылдларында Низами шығармасы Қазақстанға кеңінен тарады. Оның «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны қазақ елінде бірнеше кітап болып басылды. Ақын шығармасы жөнінде қазақ ғалымдары М. Әуезов, Е. Исмаилов, А. Нұрқатов т.б. мақалалар жазды.
Низамидің тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен ана тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында поэма мен дастандарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік – ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды.
Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада – айнала ортадағы өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу үрдісінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
Орыстың ұлы ойшылы, сыншы, революцияшыл-демократ, революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушы В. Т. Белинский – өзінің 1829 жылы жазған «Ойлау» атты тәрбие жөніндегі шығармаларында: «Тәрбиенің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, Фирдоуси мен Низамидей тәрбиенің тегін терең түсінген – ғұлама, тәрбиенің күшімен «Ләйлі мен Мәжнүн» мен «Шаһнамадай» ұлы шығарма туғызған ірі тұлғалар туады – деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Белинский бұл ғұламалардың тәрбие тағылымдарын талдай келіп, өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның рөлін шетінен асыра бағалады. Мысалы, Низамидің лирикалық щығармалары ғасыр біткен сайын, дәуір өзгерген сайын жаңарып, үлгі ретінде қабылданып келген, кейінгі ғасырларда туған лирикалық поэмалар мен дастандар, «Қыз Жібек пен Төлеген», «Өозы мен Баян» осы «Ләйлі мен Мәжнүн» негізінде жазылған. Бұл шығарма «Ләйлі Мәжнүн» бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның Кавказ халықтарының төл туындысына айналып келген.
Низамидің қай шығармасын алсаңыз дене еңбегі оның ішіндегі еңбек тәрбиесі адамнан ажырамайтын,адамның күнделікті тіршілігінің негізгі борышы делінеді.Олардың түсінігінше мамандық жақсы тұрмыс молшылықта өмір сүрудің өзінің бостандығында қорғай алады.
Низамидін Ләйлі мен Мәжнүндегі жеке адамдардың бас бостандығын әсіресе әйел теңдігі мен оның бостандығы жастардың арасындағы ара-қатасынастық пен махаббат тақырыбы бүгінгі адамгершілік ақыл-ой еңбек пен еңбек тәрбиесінің негізгі сілем. Низамидың тағылымдары қзі өмір сүрген ортада ой пікірін бүгінгі тұрғыдан талдасақ оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі принцп тәрбие мен білімнің халықтығы болуға тиіс. Олар бүл үшін қз халқының өмірінен алшақ кетпей алдыңғы қатарлы мәдени қазынаны халық бұқарасының рузани өмірінен азық етуді сол жолда өмір бой адал қызмет етуду қатты талап етті Низами тағылмдарын мұрыптайтын болсақ өз жерімізден өз аналығымыздаң дәуіріміздің алдымызға қойған сұрақтарды сұрыптап алып сол сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауап беру.
Қазақ жеріне таратқан тұңғыш таныстырған Абай мен абай мұрасын зерттеушілер болды. Мұхтар Әуезов 1926 жылы жазған «Қаракөз» пьессасын Ләйлә Мәжнүн негізінде жазған. Демек Фэрдоуси мен Низами туындыларының ауқымы кең болар Кавказбен Азиядан басталып бүкіл қиыр шығыс елдерін қамтыған мол мұра.