Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


дәріс. ХХ-ғасырда Қазақстан педагогикасының дамуына үлес қосқан педагог-психолог ғалымдар. (2 сағ)



бет53/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

9 дәріс. ХХ-ғасырда Қазақстан педагогикасының дамуына үлес қосқан педагог-психолог ғалымдар. (2 сағ).


Жоспар:
1. Т.Тәжібаев қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик
2. Ә.І.Сембаев қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым.
3. Р. Г. Лемберг- Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым.
4. Қартбай Бержанов – «Педагогика тарихы» оқулығын қазақ тілінде тұңғыш жазған ғалым.

  1. Г.А.Уманов - Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым.

  2. Қ.Б.Жарықбаев – Қазақстанның көрнекті психологы.

Негізгі ұғымдар: оқу ағарту ісі, білім, педагогика, психология, энтнопедагогика, этнопсихология, кәсіптік білім беру, қиын балалар, Қазақстандағы педагогикалық ойлар, дидактика, оқыту әдістері, қалыптастыру, дамыту, әдеп, жантану


Тәжібаев Төлеген - қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик (1910-1964).

1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, 9-ауылда туған. 1928 жылы Шымкенттегі Педагогикалық техникумды, 1935 жылы Москвадағы Н. К. Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын бітірді. Еңбек жылын 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық инсти-тутының педагогика және кафедра меңгерушісі қызметпен бастаған Тәжібаев одан кейінгі мерзімдерде халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, оның комиссары, және қазақ ССР сыртқы Халкомсовының комиссар орынбасары, қызметінде болады. 1944 жылдан бастап Қазақ ССР сыртқы істер Министрі, Қазақтың әл-Фараби атындағы Мемлекеттік ұлттық университетінің ректоры және қазақ ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары болды.


1957-1961 жылдары Үндістандағы СССР елшілігінің кеңесті-өкілі болды. Ал, 1961 жылдан әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры және меңгерушісі қызметін атқарады.
1938 жылы педагогика ғылымының кандидаты, 1962 жылы педагогика ғылымының докторы дәрежесіне ие болды. 1954 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының академигі Т.Тәжібаев Қазақ ССР педагогика қоғамының президенті, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы т.б. қоғамдық жұмыстар атқарды.
Т. Тәжібаев жауапты қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарумен бірге, зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның К. Д. Ушинскийдің психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Ол жас ғалым-психологтарды даярлауда көп еңбек сіңірді. Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым.
«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы», «Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен мектеп», «Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық ой пікірлердің дамуы» атты зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады. Оның мақалаларында қамтылған мәселелерле ана тілімізде психология ғылымының қалыптасуы мен дамуына, психологиялық терминдердің бір ретке келуіне елеулі үлес қосты.Ең алғаш Қазақстандағы психологиялық терминологиясының ғылыми жүйесінің негізін қалады.
С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры әрі кафедра меңгерушісі бола тұрып, Т.Т.Тәжібаев университетте педагогтар мен психологтар дайындауда үлкен рөл атқарды, қазақстандық педагогикалық ойлар мен психология ғылымдарының дамуына, республикадағы педагогика мен психология тарихы бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды кеңінен дайындауға негіз болды. Осы кезеңнен бастап кафедра педагогика және психология кафедрасы ретінде қызмет ете бастады.
Т.Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен онға жуық оқытушылар психологиядан кандидаттық диссертациясын қорғатты, бірнеше жыл психология, педагогика пәндерінен дәріс оқыды. 1993 жылы «Жалпы психология» атты оқулығы жарық көрді.
Өзінң өмірінде артына өшпес мұра қалдырған көрнекті ғалым, қоғам қайраткері ұлағатты ұстаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет