Перифраздары



Pdf көрінісі
бет48/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Өрген ер мен тұлпарды,
Кім жасырып шығады? (Д. Б.)
Мына мысалдарда батыр жігітті бірде «егей төсті», 
«марқасқа» десе, екіншіде «ақ алмас» немесе «ақ 
сұңқар құс» деп берсе, оның ештеңеден қорықпай, көзсіз 
жасаған ерлігін «ақ көз ерлігі» деп перифраздап тұр. 
Əрине, бұлар бір емес, бірнеше ақын, жазушы тілінде 


204
қолданылғандықтан, тұрақтанған перифраздар дейміз. 
Бұлар да көркем жасалған конструкциялар.
ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ПЕРИФРАЗДАР 
Қыз-келіншектерді суреттеуге келгенде поэзиядан 
асып түсер жанр шамалы. Бұған оның əрдайым көлемінің 
шағын, айтуға икемді, əсерлі де бейнелі болып келетіні 
сеп. Соның нəтижесінде көптеген ақындарымыздың 
өлеңдерінен, жырауларымыздың ауызша айтқан жыр-
ларынан, ауыз əдебиеті, жазба əдебиеті үлгілерінен де 
бұл тақырыптың айналысында пайда болған перифраз-
дар ұшан-теңіз.
Жас елік босап тұтқын қолдан,
Жас құлан шықты ойнақтап түскен ордан (С.С.).
Ақ сұлу – сен көлдегі аққу сынды,
Ақ күміс, сыңқылдаған сұлу үнді (Сонда).
Қарай бер, қара көз,
Күте бер хат-хабар (С. Мəуленов).
Ақ марал осы жолы жығылмай кет,
Алтайдың душар болдың мергені (Айтыс).
Қыздың «жас елік», «ақ сұлу», «қара көз», «ақ марал» 
деп бейнелі сөз тіркестерімен алмастырып отыруы 
қандай көркем болса, əсемдіктің қазығы болып тұрған 
қызды «елік, сұлу, марал» деп айтуы да өте əсерлі де 
ұтымды.


205
Бұның бəрі – окказионал перифраздар. Қазақ тілінің 
байлығына қарай қыз-келіншекті əңгіме еткенде бай-
қалатын тұрақты (узуалды) перифраздар да аз емес.
Қарт дейтін емес ол шашы ағарған,
Тағы да қандай сұмдық тосады алдан, 
Соратын ақ мамасын бөбек қайда,
Иіді, сүт төгілді қос анардан (Т. М.).
Ізгі перзент, ақ жаулық,
Қорада жатыр ақ саулық,
Құлаш мойын, кез құлақ
Бір бедеу ат, денсаулық (Н. Н.).
Құралай көз, қолаң шаш,
Алма мойын, қиғаш қас,
Сүйген сəулем – Қарлығаш (Халық əндері).
Көлдегі көркем аққудай,
Көгінде жүзді алтын ай,
Шын бір лəззат тапқандай,
Жүректің бүгін шалқуы-ай (Т. Ж.).
Мына «ақ жаулық», «құралай көз», «қолаң шаш» 
деген қыз-келіншіктерге жасалған перифраздар нағыз 
тұрақты тіркестер.
Жалпы қыз-келіншектерге байланысты перифраздар 
түрі ерекше. Тіпті суреттеуге өзек алып қараңыз, 
бұлар, əсіресе, халық əндерінде көп кездеседі. Тұрақты 
перифраздардың түр-түрін осылардан табуға болады. 
Мына төмендегі мысалдарға назар аударалық:
Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара.


206
Алыстан ат аямай келгенімде,
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара (А. К.).
Түн қарайды төбемнен,
Алтын ай ғой айнасы.
Күтіп тұрмын өлеңдеп,
Қаракөзім, қайдасың? (Қазақ əндері)
Аяулы нəзік сезімін,
Саясы сенсің Алтынай.
Асылдай берік төзімнің,
Аясы сенсің, Алтынай (Сонда).
Жайлау көзі жəрмеңке,
Есенбісің, Ақерке.
Арындатсам осы əнді,
Еске оралар əр нəрсе (Сонда).
Ақтотым!
Сенің отың өртеді.
Көктем бүгін.
Өткен күнім ертегі (Сонда).
Қарлығашым, толқып кетем,
Еске түссе сол есім.
Секілді бір алғашқы үміт,
Көз ұшынан келесің (Сонда).
Сол бір кеште аялады тəтті арман,
Жан сырымды жая алмадым, Ақбаян.
Көк теңіздей буырқанған, толқыған,
Жүрегінен сая таптым, Ақбаян, Ақбаян (Сонда).
Сүйген сəулем Нұржамал,
Күтудемін бір хабар.


207
Үш жыл өтті ойыңды,
Біле алмай болдым дал (Сонда).
Алыстан қол бұлғап сағым,
Аңсайды күлімкөз таңым.
Үзіліп кеудеден түскен,
Ақмаржан – ақ арман сол күн қайда, жаным (Сонда).
Ақ жүзің айдай көркем,
Арманым сені көрсем.
Алыстан аңсап келемін,
Ақмарал, сұлу еркем (Сонда).
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.
Есіме, беу қарағым, сен түскенде,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы (Сонда).
Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сəулем (Сонда).
Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен аййым.
Ұшарға қанатым жоқ
Неғылайын (Сонда).
Қарашаш түскен жылы төсегімен көтеріп ұл туды (Н. Б.). 
Мұндағы кейбір ұғымдар басында еркін перифраз 
болғанымен, келе-келе тұрақтанып, бастапқы поэти-
калық образы ұмытылған. Бұлар көбінесе образды 
теңеулер ретінде қатар түзеді.


208
Мəселен, «Алтынай» – мұнда екі түрлі ұғымды 
білдіріп тұр. Сипатталып тұрған қыз, біріншіден, 
«жарқырап тұрған алтын секілді болса», екіншіден, ол 
«айдай сұлу жан».
«Ақ, аппақ» деген ұғымды білдіретін «ақ» лексемасы 
арқылы жасалатын кісі аттары да көп-ақ. Мысалы: Ақтоты 
– аппақ, тотыдай əдемі; Ақмарал – аппақ, маралдай сұлу 
қыз деген ұғымды білдіріп тұр. Қазақ халқы ұғымында 
«ақ» ең қалаулы түс, қасиетті ұғым. Халық ең сүйікті, 
нағыз қадірлі ұғымдарына ғана «ақ» айқындауышын 
қосып айтады. Жаны таза адамды «ақ адам» деп атайды. 
Дүние тұтқасы, барлық тіршіліктің бесігі, адамзат өмірін 
өрбітуші ананы «ақ ана», малдың ақ сүтінен пайда болған 
тағамдарды «ақ» деп атайды. Міне, «ақ» сөзінің арғы 
тегі, түп төркіні сайып келгенде пəк, таза деген ұғыммен 
байланысты. Сонда мына жоғарыдағы қыз аттарындағы 
«ақ» лексемасы қыз жанының пəк, таза болып келуінің 
жоралғысы, соны ұғым. «Гүлдерайым» де солай. Өзі 
гүлдей əдемі болса, екіншіден, айдай сұлу.
Қазіргі өмірде бұл қыз-келіншекті бір қарағанда ешкім 
перифраз деп ойламайды. Қазақ халқы қыз баласын 
сұлу болсын немесе балам сұлу дегенді «Нұрсұлу» деп, 
мінезі жұмсақ, нəзік дегенді «Мақпал» деп тұспалдап, 
дəлірек айтқанда, перифраздап беріп отырған. Əрине, 
бұл мысалдар қазақ тілінің байлығын көрсетудің бір түрі 
ғана. Ендеше, біздің ойымызша, мына жоғарыдағыдай 
тұрақты тіркестен болған адам аттарын клишеге 
айналған перифраздар деген жөн сияқты.
ШАҒЫН ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл тарауда біз есім перифраз бен етістікті 
перифраздың құрылысына тоқталдық. Материалдарды 
қарап отырсақ, біз перифраздардың екі, үш жəне көп 


209
мүшелі тұрақты сөз тіркестерінен тұратынын аңғарамыз. 
Осы тұрақты сөз тіркестерінен болған перифраздарды өз 
ретіне қарай модельдерге бөліп талдадық. Қазақ тіліндегі 
сөз тіркестеріне құрылымдық жəне семантикалық 
тұрғыдан талдау жүргізгенде, жүйелеп, мүшелеп талдау 
тəсілін қолдану бірден-бір тиімді тəсілдердің бірі болып 
отыр. Құрамы мен семантикасының тұрақты болып, 
сөйлеу кезінде даяр күйінде қолданылуы тұрақты сөз 
тіркестерінің (перифраздардың) ең басты ерекшелігі. 
Бұл тараудағы басты мақсатымыз перифраздың əртүрлі 
құрылымдық түрлері тұрақты сөз тіркестеріне де тəн 
болатындығын көрсету. Тұрақты сөз тіркестерінің еркін 
сөз тіркестеріне ұқсамайтын, өзіне ғана тəн жеке-дара 
құрылымдық үлгісін біз кездестіре алмадық.
Кез-келген фразеологиялық сөз тіркестері тіліміздегі 
еркін сөз тіркестерінің синтаксистік байланыс үлгі-
лерімен жасалады. О.С. Ахманованың сөзімен айтқанда 
фразеологизмдердің «құрылымы жағынан кəдімгі жай 
сөз тіркестерінен ешқандай айырмашылығы жоқ» [117] 
екеніне көзіміз жеткендей. Сонымен қоса, перифраздың 
жасалу мүмкіншілігінің молдығына сəйкес, оларды 
тақырыптық топтарға бөліп жүйеледік. Материалдарды 
іріктегенде табиғат, өсімдіктерге байланысты пери-
фраздардың өте көп екенін аңғардық. Мұның себебі 
табиғаттың əсемдігін жырламаған ақын, жазушы 
сирек болатынынан ба деп түйдік. Олар бұл əдемілікті, 
əсемдікті өздерінше түсініп, көркемдеуіш құралдарды 
өздерінше іске қосып жатады. Сол сияқты сұлулық 
символындай қыз-келіншек атауларын жырлауға сеп 
болған перифраздар қаншама!
Осының бəрін саралай келгенде байқалатын бір 
жəйт, қазақ тілінің адам мен табиғат суретін бейнелеп, 
көркемдеп берудегі мүмкіндігінің шексіз екендігі. Ал бұл 
мүмкіндік сөз қуатын терең сезіп, соны тарата білгеннің 
қолында ғана ойнайды екен.


210


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет