Перифраздары



Pdf көрінісі
бет41/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

табаны тайды.
Сонымен, есім перифраз сияқты етістікті перифразды 
да екі мүшелі, үш мүшелі жəне көп мүшелі деп үш топқа 
бөлдік.
ЕКІ МҮШЕЛІ ЕТІСТІКТІ ПЕРИФРАЗДАР
Екі мүшелі етістікті перифраздардың да екі түрлі 
модельмен жасалатынын мысалға алынған материалдан 
аңғаруға болады:
а) «зат есім + етістік (көсемше)»
Біржан сал ажал айдап өзің келдің,
Іздеуге ойланып едім өткен жолы (Айтыс).
Сүйегім бір ағармай келе жатыр,
Көрініп жеккөрінішті ауылдасқа
Ақ орда үйім болса жаз тігетін,
Саф алтын сары орақтан сары ағашқа (Сонда).
Ажалым жетіп осыдан,
Өліп кетсем орным жоқ,
Өзіңе мəлім бұл жағым,
Қамбар деген мен едім,
Екі күн уəде деп едім,
Егер сенің қолыңда,
Ажалым жетсе, өлемін (Қамбар батыр).


179
Қазақтың қан жылап жатқаны мынау (Ж. А.).
Жүніс ыңғайлы, əйелге жұғымды Қартқожаны жеңге 
қылып, Шəмкеш деген қызбен сөйлестіріп жүрген кезі 
де (Сонда).
ə) «зат есім + етістік (жіктік жалғау)»: 
Аңламастан сөйлесең,
Ауырмай-ақ өлесің.
Азар берсең кісіге,
Өзің де азар көрерсің (Мың бір түн).
б) «зат есім (тəуелдік) + етістік (жіктік жалғау)»
Ит қалмақ көзің ағарды,
Ақиқатпен білмейсің
Ажалыңмен келгін (Қыз Жібек).
Немереңді танымай,
Көзің неден ағарды? (Алпамыс).
Жоғарыдағы мысалдардан байқап отырсақ, «зат есім 
+ етістік», «сын есім + етістік» моделімен жасалған сөз 
тіркестері морфологиялық тұрғыдан, əдетте, бірінші 
мүшесі зат есімге немесе заттанған арқылы жасалады, 
ал екінші мүшесі етістіктің болымды не болымсыз 
түріне көсемше жұрнақтарының бірі немесе жіктік 
жалғауларының бірі жалғануы арқылы жасалады екен.
Үйірінен адасқан тентек едің,
Тентегім-ай, үзілді ерте демің.
... Қарасаңыз мінеки, əлдилеуде,
Əлсін-əлі жаңартып көрпелерін (М. Мақатаев).


180
Қимылдаған тіл мен жақ,
Жетеуім тірі жүргенде
Қаптап еді кəрі аруақ.
Баладан кемдік көргенде
Жаңа туды шамшырақ (Ер Қосай).
Қаза келсе, малдыдан мал таймай ма?,
Ажал жетсе, батырдан жан таймай ма?
Азар болса, күйеуің жастау шығар,
Жарлы байып, жас өсіп қартаймай ма? (Шəкəрім).
ҮШ МҮШЕЛІ ЕТІСТІКТІ ПЕРИФРАЗДАР
Үш мүшелі етістікті перифраздар да құрылымы 
жағынан сан алуан болады. Мəселен,
1. «зат есім + зат есім + етістік»;
2. « зат есім + етістік + көм. етістік»;
3. «зат есім + етістік + зат есім»;
4. «зат есім + сын есім + етістік»;
5. «сан есім + етістік + етістік».
1. «зат есім + зат есім + етістік» моделінің өзі 
грамматикалық тұрғыдан бірнеше құрылымдық типтерге 
бөлінеді:
а) «зат есім (септік) + зат есім + етістік (жіктік 
жалғау)» 
Бұл Керей деген ағаштан түйін түйеді деуі рас екен. 
Ағашқа шебер екен бұл Керейің (С. М.).
Ұлы Октябрь жеңістерін жыр еттік,
Сонда маған пайда болды жүректік.
Жауған оқтың жарып өтіп дауылын,
Көзді ашып, көкірекке гүл ектік (М. Х.).


181
ə) «зат есім + зат есім (септік) + етістік (көсемше)»
Осы жерде ұры еместі ұры ғып, құтырып талай саққа, 
ағаш атқа мінгізіп жатқан кез ғой, – деді Жарасбай (М. Ə.)
б) «зат есім (тəуелдік) + зат есім + етістік (жіктік)» 
Таудай толқын қайықты ысырғанда Гүлбанудың 
иманы ғасыл болды (С.М.).
в) «зат есім (ілік) + зат есім (тəуелдік) + етістік»
Тел қозыдай шіркінмен намысты едің!
... Аңырамын иесіз жағалауда,
Айырылып достықтың кемесінен (М. Мақатаев).
О, Елім! Неткен намысты едің!
Өртенсін жауың, өртенсін.
... Келіп ең, жауым, маршпен
Өлімнің сазын шертерсің (М. Мақатаев).
Айналып түннің жалауы.
Жығылды түннің жалауы.
Алауын баспай ақ таңның,
Жұлдыздар сөніп барады (Сонда).
Жас алпысқа келгенде
Қайратымды түйейін.
Алты ағамның соңынан
Шаһит кебінін киейін (Ер Қосай).
г) «зат есім + етістік (есімше) + көмекші етістік»
Суырып қанмен даланы,
Өлім екпек болады,
Дүниеде барлық баланы
Жетім етпек болады (Қ. А.).


182
ғ) «зат есім (тəуелдік) + етістік + көмекші етістік»
Олардың бетіне қараған соң, жүрегі орнығайын деді, 
сөйтсе де кемпірдің түсі суық, көзінің астымен еріксіз 
қарап қояды.
Тоқта, тоқта жүз қатын,
Қырқылған шығар қанатым.
Мұқалған шығар болатым? (Ер Қосай).
д) «зат есім (септік) + етістік + көмекші етістік»
Қара жерімдей қайыспай менің төзімдім,
Көрмесем екен жылаған сенің көзіңді.
Көзіңде жасың, көңілінде сөзіңді,
Есітпей, көрмей, жамылсам екен бөзімді (М.Мақатев).
е) «зат есім (тəуелдік) + етістік + зат есім (септік)»
Ақылы жоқ басқа
Адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға
Сылдырлаған сөз бітеді (Мақал)
ж) «зат есім + етістік (есімше) + зат есім» 
Өр өмір түн пердесін жамылған,
Алып ми, мүмкін, ауырлауда.
Ол да мүмкін, қасында столының
Адамзаттың сақшысы дамылдауда (М.Мақатаев).
Туғалы түз көрмеген сорлы ... Кім біледі ... ауырып 
сырқағандай күн бола ма? (Ж. А.).
Жеті атаңды өлтірген,
Жанына қаза келтірген
Тоқтаболат, Тасболат,
Ода келді жалғыз тақ (Ер Қосай).


183
з) «зат есім (септік) + етістік + етістік»
Қадамның құтты болсын, қарағым!
Қосағыңмен қоса ағар! (М. Ж.).
и) «сан есім (септік) + етістік + етістік»
Ерттеп мініп елуді,
Жүзге тартып жөнелдің (С. Мəуленов).
к) «сан есім + зат есім + көмекші етістік»
... Осы сөзді айтқан соң,
Тоқболат патшаның
Бір 61 болды заманы,
Ұлықтың ауды табаны... (Ер Қосай).
л) «зат есім + етістік (көсемше) + көмекші етістік»
Талайдың таудай күшін талқан қылып,
Емі жоқ екпінді ажал бұзып өтті.
Жете алмай мақсұтына Еңлік – Кебек,
Арманда екі ғашық өліп кетті (Шəкəрім).
КӨП МҮШЕЛІ ЕТІСТІКТІ ПЕРИФРАЗДАР
Етістікті перифраздардың келесі бір шағын тобы – көп 
мүшелі етістікті перифраз. Көп мүшелі есім перифраз 
сияқты бұған төрт немесе одан да көп мүшелерден 
тұратын перифраздарды жатқызып отырмыз. 
Мəселен,
Əйел кемпірдің сөзін естігенде, аза бойы тік тұрып, 
қорқып кетті (Мың бір түн).
Есік пен терезеге кезек қарап, екі көзім төрт болып, 
анамды күтемін (Ə.Н.).
Сот Мүсіретəлиев қара суды теріс ағызып, 
Күзембаеваның пайдасына 450 сом төлеуге тиіс деп үкім 
шығарды («Қазақ əдебиеті»).


184
Көп мүшелі етістікті перифраз сөйлемде көбінесе 
сабақтас құрмалас сөйлемнің бір мүшесі болып келеді. 
Ол құрылымы жағынан алуан түрлі. 
а) «сын есім + зат есім + сын есім + етістік», 
ə) «сын есім + зат есім + көмекші етістік», 
б) «сан есім + зат есім + сан есім + көмекші етістік». 
Мəселен, жоғарыдағы үзінділердегі қара суды теріс 
ағызу, аза бойы тік тұру, екі көзі төрт болу тəріздес 
перифраздар – осының дəлелі.
Құрылымы жағынан сөйлемге тең сөз тіркестері 
(яғни сабақтас құрмалас сөйлемнің бір құрамдас 
бөлшегі) түрінде болып келген фразеологиялық орамды 
проф. Қ.Аханов коммуникативті жəне номинативті 
деп екіге бөлген. Коммуникативті фразеологизмдер 
құрылуы жағынан да, мазмұны жағынан да сөйлеммен 
бірдей келіп, хабарды білдіреді. Фразеологиялық сөз 
тіркестерінің бұл түріне мақал-мəтелдер, қанатты 
сөздер, афоризмге айналып кеткен тіркестерді жатқызуға 
болады. Мысалы: төбе шашы тік тұру; шегірткеден 
қорыққан егін екпес; Сырдың суы сирағынан келмейді
Ал номинативтік фразеологизмдер жасалу жолдары, 
құрылымы жағынан сөйлемге ұқсастығымен, мағына 
тұрғысынан алып қарағанда да толыққанды сөйлем 
емес. Яғни мұндай фразеологизмдер сөйлеммен тек 
формалды түрде сəйкес келеді. Мəселен, жүрегі тас 
төбесіне шықты; қызыл сөзден бал жақты; мұртын 
балта шаппайды, т.б. Мұндай фразеологиялық сөз 
тіркестерінің барлығы «құрылымы жағынан сөйлем 
тəрізді болғанымен, мағынасы жағынан коммунакативті 
единица (сөйлем) ретінде емес, тек жеке сөздердің 
эквиваленті-номинативті единица ретінде ұғынылады 
жəне қызмет атқарады» [116]. 


185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет