Перифраздары



Pdf көрінісі
бет46/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

Құмырсқа бел, оймақ ауыз, бота көзінен сен де көзіңді 
айырып ала алмайсың (С. Ш.)
Алыстан бұлаңдап құба төбел, қынай бел сұлу ажар 
танынатын бұйрат-бұйрат қалың қырқа құмның сырын 
білген жанға шынар биіктен қоныс тепкен Құстың 
ұясындай бір түрлі жылы, ыстық көрінеді («Қазақ əдеб.»)
Қарақат көз қадалса,
Қара қасы қиылып.
Қалдырап таң-тамаша,
Кеудеңе нұр құйылып (С. Мəуленов).
Жігіт арманы құралай көз, қиғаш қас болушы еді ғой.
Ақын оны сезінген жоқ, өзгені сезінді (Ғ. М.)
Төсіне төңкеріліп қос алмасы,
Төгілді аш белінде қолаң шашы.
Сəулесі екі көздің шам-шырақтай.
Сызылған сүгіреттей қалам қасы (Б. А.)
Талдырмаш қара торы, ақша маңдай.
Майда тіл, жібек мінез асқар жандай (С. М.)
Қара қас, жазық маңдай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді.
Мінезі майға еріткен қорғасындай,
Келсең де ерте-кешті бір мінезді (Ақан сері).
Аршын төс, алма мойын қолаң шаштың
Көңілінде бір арманы бар секілді ... (Ү. К.)


198
Көз тігіп қарағанмен көңіл бермес,
Не пайда нұр сипатты сүмбіл шаштан («Қазақ əдебиеті»)
Тамсанып, таң қалдырып, көздің жауын алған қаса 
сұлу əйел мүсіндерін осындай қарындастарға қарап қана 
жасаған болар (Ө. Қ.)
Айттым сəлем, қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас (Абай).
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кəмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін (Абай).
Кең маңдай, қалың шаш
Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым, бетіңді аш! (Абай).
Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас (Абай).
Қыр мұрын, қыпша бел,
Солқылдар, соқса жел.
Ақ етің үлбіреп
Өзгеше біткен гүл (Абай).
Ақ дидарың көргенде тұра алмаймын,
Сенсіз жерде салтанат құра алмаймын.


199
Қара жерге қар жауса,
Ақша бетке сабалар.
Жақсы аттан жығылса,
Жаман адам табалар (Қамбар батыр).
Дəмелі қаршыға да, қара құс та,
Боп тұрсың сен бір үйрек көлден ұшқан.
Аршын төс, алма мойын, қиғаш қастан,
Ешбір жан көре алмадым сенен асқан (И. Б.)
Молда, сопы дым білмес, кеткен есі,
«Бұл жалғанда жұмбақ жоқ» деген несі?
Жалғанда жұмағым – ар-иманым,
Албыраған арудың аршын төсі (Б. К.)
Жалғыз біткен тал шыбық,
Келбетің келген қарағым,
Бір дерегін білуге дүниені кезіп қарадым,
Аш бурадай басып, керіліп.
Қырмызы ерін, ай жүз, бота көзім,
Маған қымбат хорың, періңнен (Б. К.)
... Менің досым сен болсаң,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Мен кеткенде сен қалма (Қазақ əндері).
Бетіңнен түзу, күйлі қоңы,
Бұл өнер өмірінің ақыр соңы.
Əлі де есі шыққан ер қызығар,
Қара көз, қаймақ ауыз, сұлу өңі (Батырлар жыры).
Жұмақтың шарап кəусар қауасында,
Сен едің шапшып тұрған інжі шабақ.


200
Əуелден көңілім қойдым, сені арнап,
Нəзік бел, қиғаш қасты, қалам қабақ (А. Қ.).
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Қара шашын көтеріп екі шынтақ,
О да бүлк-бүлк етпей ме симағанда (Абай)
Құралай көз, қолаң шаш
Алма мойын, қиғаш қас.
Сүйген сəулем – Қарлығаш (Халық əндері).
Ол жас ағаш, бір қызыл гүл,
Жапырағы жаңғырар.
Сорлы Онегин, жолды өзің біл,
Қай тарапқа қаңғырар (Абай).
Жібектей шашы оралған,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет