IІ- апта (06.12 – 10.12.2021ж)
Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді!» Мақсаты: табиғаттағы маусымдық өзгерістерді тану және атау, қыс қызықтарын: шана, коньки, шаңғы тебуді ұйымдастыру.
Міндеттері. -ойын арқылы балалардың тілдері және ойлау қабілеттері дамыту;
- қыс мезгілі туралы, оның ерекшеліктерін ажыратып, ойын толық жеткізе алады
-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
ІI апта.
1.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
2.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
3.Қауіпсіз мінез-құлық негіздері. Тақырыбы: «Мен үйдемін. Қауіпсіздік мектебі»
Мақсаты: балалар үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтай алады.
Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы:«Қысқа дайындық»
Мақсаты: қоршаған ортадағы адамдар, жан-жануарлар, жәндіктердің қысқа дайындығы, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы әңгімелеп айтып бере алады.
Сауат ашу. Тақырыбы: «Е дыбысы»
Мақсаты: балалар Е дыбысы мен әрпіне таныстыру арқылы Е дыбысының сөздегі орнын ажырата алады.
Сауат ашу. Тақырыбы: «Е дыбысы» қайталау.
Мақсаты: Е дыбысын танып, сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы Е дыбысының сөздегі орын ажыратып, сөздерді буынға бөле алады.
Көркем әдебиет. Тақырыбы: «Қыс келді»
Мақсаты: балалар қыс туралы түсінік алып, оның ерекшеліктері туралы өз ойларын сөйлем құрау арқылы толық жеткізе алады.
Орыс тілі. (Орыс тіплі мұғалімінің жоспары бойынша)