Наурыз айы І-апта 28.02 – 04.03 2022ж
Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар» Мақсаты: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен, көктемдегі жеміс-жидектерді отырғызу, көктемде жыл құстарының оралуы, жерді бақша-бауға дайындаумен таныстыру.
Міндеттері: көктемдегі табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру;
-еңбекке құлшыныс қабілеттерін дамыту;
-еңбек адамдарын құрметтеуге баулу.
I апта
1.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
2.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
3. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері. Тақырыбы: Тақырыбы: «Өзіне және өзге адамдарға көмектес»
Мақсаты: алғашқы көмек көрсету ережелерін меңгеріп, дене ауруын жеңілдету мен адам денесінің құырылысы мен дене мүшелерінің қызметі туралы айта алады.
Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Алғашқы тамшылар»
Мақсаты: көктем мезгіліндегі алғашқы жауынның түсуін тамашалап әңгімелеп айта алады.
Сауат ашу негіздері. Тақырыбы: «Ы дыбысы және әрпі»
Мақсаты: Ы дыбысы мен әрпімен танысып, ы дыбысы бар сөзді оқуға, жазуға үйреніп, ы дыбысының сөздегі орнын тауып, сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.
Сауат ашу негіздері. Тақырыбы: «Ы дыбысы және әрпі» қайталау.
Ы әрпін жазып, сөз арасындағы орнын атап, сөздерді буынға бөліп оқи алады.