Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Көктем келді гүл алып»
Мақсаты: балалар табиғаттың әсемдігін әңгімелеу барысында сезіне отырып, өз ойларынан екі үш сөйлем құрау арқылы табиғатты сипаттай алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша)
|
Математика негіздері.
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгеру арқылы, жылдың төрт мезгілін ажырата отырып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алады.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Табиғатқа қамқор бол»
Мақсаты: табиғаттағы құстарға, өсімдіктерге, жан жануарларға көрсетілетін көмек түрлерін меңгеру арқылы қоршаған ортаға қамқорлық сезімдерін білдіре алады.
Құрастыру.
Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты: көктем гүлдері, бөлме, дала гүлдері туралы түсінік алып, пішіндер арқылы гүлдер құрастыра алады.
|
Сурет салу.
Тақырыбы: «Алма ағашы»
Мақсаты: балалар қарындашпен алма ағашын бейнелеп, түс үйлесімділігін сақтай отырып ағаш гүлдерін бояй алады.
Мүсіндеу. «Құмыра»
Мақсаты: ыдыстарды мүсіндеу әдістерін үйреніп, құмыраны көркемдеу арқылы үлгіге қарап мүсіндейді.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Гүлденген ағаштар»
Мақсаты: қызғылт түсті жазық қағаз бетіне ағаш дайындамасын тігінен орналастып; ақ түсті майлықтарды екіге, төртке бөліп жырту, умаждау арқылы ағаштың ұшар басына орналастырып жапсыра алады.
Музыка
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
|