1.Дене шынықтыру
1. Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру.Допты 1м қашықтықтағы қақпаға домалату.
2 . Допты 1м қашықтықтағы қақпаға домалату. Кішкентай доппен кегельдер арасында ирелеңдеп жүгіру.
3. Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру.Допты 1м қашықтықтағы қақпаға домалату.
|
1.Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян»
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін келтіре отырып,қимылдарын көрсете білуге баулу, адамгершілік қасиеттерін бағалай білу қабілетін қалыптастыру. Оларға өз көзқарасын білдіруге үйрету.
Дидактикалық ойын:
«Кейіпкерлерді ата»
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
|
1. Құрастыру.
Тақырыбы: «Биік және аласа үй тұрғызамыз»
Мақсаты: Биіктігі әр түрлі үйлер құрастыруға үйрету.Танымдық қызығушылықтарын, құрастыру дағдыларын дамыту.Ұқыптылыққа және құрастыру жұмысы кезінде өз бетінше жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
2. Жаратылыстану
Тақырыбы: «Жабайы аң қоян»
Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беріп, оның ішінде қоянмен жақын таныстыру. Қоянның тіршілігі туралы әңгімелеу. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
|