Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет74/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Сабақтың ортасы 
Диологтік оқыту 
https://youtu.


91 
(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды) 
1. Өз заманында Мағауия өлеңдерінің маңызы 
болдыма? 
2. Қазіргі заманда Мағауия өлеңдерінің 
маңыздылығы қанша? 
2. “Сергіту сәті” (Оқушылар «Әбішке» өлеңінің 
әр шумағын кезектесе оқып, жалғастырып 
әкетеді.)
Дескриптор: 

Өлең мәтінінен маңызды үзінділерді 
табады; 

Үзіндіден түйін шығарады; 

Бүгінгі күнмен байланыстырып 
көзқарасын білдіреді. 
Ой толғаныс сатысы 
 
1.
 
Топтастыру «постер» 
3. “Еркін жазу” әдісі 
«Әбішке» өлеңінен өз бойларыңа қандай жақсы 
қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім? 
be/rr5hP_2fp
J4
 
Қ.Бітібаева 
«Абай 
шығармашы
лығын 
оқыту». 
Электронды 
кітап 
(қарасөздер
дің аудио 
нұсқасы) 
Абай 
(Ибраһим) 
Құнанбайұл
ы. 
Шығармала
рының 
толық 
жинағы. 
Алматы: 
жазушы, 
2004 
(109 бет) 
Сабақтың соңы 
 
 
Рефлексия ;
Әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде 
тұр? 
Аз жұмысты қиынсынсақ, 
Көп жұмысқа тап боласың. 
Азға қанағат ете білмесең, 
Көптен құрқаларсың
Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. 
ҚОСЫМША 
Аз өмірінің ішінде Мағауияның басынан кешкен өмір кезеңдерінің ең 
қайғылы, ауыр кезеңі-ағасы Әбдірахман (Әбіш) қазасы болады. 1894 жылы 
Алматыда қатты науқастанып жатқан Әбіш тағдыры Абай ауылын қатты 
күйзелтеді. Әбіштің науқасын естігеннен бастап, оған арналып жолданған әке 
махаббатын жеткізетін, Абай жүрегін жарып шыққан сағыныш, тілек жыры туады. 
Абайдың барлық достары Әбішке туыстық, достық жүректен тілектестік ниеттерін 
білдіріп, терең сезімді өлең-хаттар жолдайды. 
Абай 1894 жылы, Мағауияны Әбіштің қасында бол деп, Алматыға жібереді. 
Мағауия Әбіштің қасында бес айдай болып, күтіп, сүйікті ағасын өз қолымен 


92 
аттандырады. Осы ауыр сапар, қайғылы хал, бес ай бойы ағасының ақырғы демін 
күткен қаралы күндер, ауылдан аулақта жалғыз басқа түскен ауыртпалық-
Мағауияны қатты тебірентеді. Осы ауыр халдің үстінде «Бір үміт, бір хауіптің» 
ортасында өткізген күндер, үзілген үміт ақынның: «Ыңқылдап жатыр екен жаңа 
барсам», «Дейтұғын сөзің қайта «Мағатайым», «Жалғыз міне отырмын әр нәрсе 
ойлап», «Бірге туған бауырлас» деген өлең-жырларын туғызды. 
Абай жыр еткен мол тақырып, терең мазмұн, биік идея Абайға дейінгі қазақ 
әдебиетіндегі өлең түрінің қалыбына сыймайды. Данышпан ақынның асыл жырға 
бөленген кең ақылы, терең ойлы ел жүрегіне еркін жететін сара жол қажет етті. 
Осындай зор талаптан барып, өлеңнің ондаған жаңа түрлері туады. 
Мазмұнына сай жаңа түр тапқан Абай өлеңдері халық тіліне онан сайын 
жеңіл, жүрегіне онан сайын жылы тиетін болады. Бұл жаңа түрлер Абай 
лирикасының терең мазмұнға ұштасып, ақынның өлеңдерін ерекше әсерлі етіп, 
көріктендіреді. 
Мағауия ақынның қазақ әдебиеті тарихында атын қалдырған еңбегі-оның 
поэмалары. «Әкесінің ақындық еңбегін аса қадірлеп, жақсы білген, ұғынған 
Мағауия өзі де Ақылбай, Көкбай сияқты ақындық еңбекке беріледі. Абайдың 
мәслихатымен және материал беруін пайдаланып, бірнеше поэма жазады. Ол 
жазған поэмалары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медіғат-Қасым»,-дейді 
Мұхтар Әуезов (М.О.Әуезов. «Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер». 
Алматы. 1967. 221-б.). 
Мағауияның ең көлемді, әрі көркем және оның ақындық ерекшелігін айқын 
танытатын «Медіғат-Қасым» поэмасы екенін, Мұхтар Әуезов ерекше атап айтқан 
болатын. Мағауияда Абайдың мәслихаты бойынша, шығармасының тақырыбын, 
қазақ даласынан аулақ, алыстағы Африка елінің тұрмысынан алады.
«Еңлік-Кебек»-Мағауияның ақындық қадамын жаңа бастаған шағында 
жазған алғашқы поэмасы. Мағауияның өз қолжазбасы сақталмаған. Поэманың бір 
ғана көшірме қолжазбасы, 1940 жылы, Мұхтар Әуезов өз архивін тәртіпке келтіріп, 
реттеп жатқан кезде, көп қағаздың ішінен табады. Поэманы көшіріп жазған 
Дайырбай Қожанұлы.
«Еңлік-Кебек» поэмасының оқиғасы XVIII ғасырдың аяғында (1780 жылдар) 
болған тарихи шындық. Еңлік пен Кебек рулық-феодалдық талас-тартыстың, ескі 
әдет-ғұрыптың құрбаны болған жазықсыз жастар еді. Еңлік пен Кебек оқиғасы 
халыққа қатты әсер еткен. Халық қиялы Еңлік пен Кебектен қалған баланы 
өлтірмей ер жеткізеді. Ол бала (Ермек) ер жетіп әкесі Кебек сияқты батыр болады. 
Әке-шешесінің кегін қуады. «Ермек» атты ел аузында сақталған дастан бар. 
 
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 
ISBN 5-7667-2949-9
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет