Пікір жазған: Абай атындағы ҚазҰпу-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Бельгия Жоғары Мектебінің Гонорар профессоры



бет1/37
Дата15.08.2023
өлшемі6,23 Mb.
#105295
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
80 1668400868


Рсаева Эльвира Маликовна

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ


АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

Алматы,2022

ӘОЖ 373
КБК 74.268
Б12

Құрастырушы автор: Астана қаласы,ТОО "ALPAMYS SCHOOL", бастауыш сынып мұғалімі


Рсаева Эльвира Маликовна


Пікір жазған:
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,
Бельгия Жоғары Мектебінің Гонорар профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі - А.Ш.Орақова

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланып, 2022 ж. «26» қазан №181 хаттамасымен мақұлданған және баспаға ұсынылған


Б12 «Бастауыш сыныптарда функционалдық сауаттылықты дамыту» авторлық бағдарлама/құрастырған авт: Э.М.Рсаева– Алматы, «EDU print» жедел басу баспаханасы,2022



ISBN 978-601-02-0925-1

Авторлық бағдарлама жалпы білім мекемелері мұғалімдеріне арналған

ӘОЖ 373


КБК 74.268
Б12


ISBN 978-601-02-0925-1

құраст.Авт: Э.М.Рсаева
© «EDU print» жедел басу баспаханасы, 2022 ж


Түсінік хат
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде
«функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым- қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

  • оқу, жазу сауаттылығынан;

  • жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады:оқу сауаттылығы; математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық тұрғыда ойлау;
-шешім қабылдай алу;
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Мен осы функционалдық сауаттылықтың түрлерінің ішінен математикалық сауаттылыққа тоқталғым келіп отыр.
Математикалық сауаттылық-әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.
Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.
Бастауыш баласы үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.
Оқушыда функционалдық математикалық сауаттылық қалыптастыру үшін ең алдымен пәндік сауаттылық қалыптасуы керек.
Математиканы оқыту мен математика пәнінен сауаттылықты қалыптастырудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:
1) Математика –барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;
2) Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;
3) «Математикалық сауаттылық» (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетінің болуы;
4) Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
5) Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
Мысалы: оқушылар нумерацияны оқып үйренгенде меңгеруі тиіс, қолдана білуі тиіс:
- біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан мен бірліктен, қалай жасалатынын игеру мен қолдана білуі;
- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін, сан мен заттың сәйкестігін білу;
- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын білу;
- төртіншіден, әр санның сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын, реттілікті тұрмыс- тіршілікте қолдана білу.
Осы білімді ұғыну: санды жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастыру, санның натурал қатары жөнінде түсінігі оны тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі, сан ұғымын саналы түрде игеруі тақырып бойынша функционалдық сауаттылығының көрсеткіші бола алады.
Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Пәндік ұғымдарды игеру оқытудың негізін құрайды.
Ұғым көлемі – нәрселердің осы ұғымды тарату жиынтығы. Мысалы: «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты. Мысалы: «бірдей», «пішіндері әртүрлі» сөз тіркестерін, сондай-ақ «ұзын-қысқа», «жуан-жіңішке», «кең-тар», «биік-аласа», «үлкен-кіші», «жоғары-төмен», «ең ұзын- ең қысқа», т.б. ұғымдарын игеру жүзеге асырылады; «Тез фигура құрастыр», «Не өзгерді?», «Екі бірдей фигураны тап», «Қандай?», «Геометриялық лото» сияқты балалар ойындарын ойнатуға болады. Таратылатын материалмен (санау материалдары мен қағаз парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс.
-ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін;
-қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;
-ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;
-математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;
дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;
-математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
- жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;
- өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;
-өз іс әрекетін бағалауды;
-оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет.
Сонымен қатар мен мен өз іс-тәжірибемде функционалдық сауатыллықты дамыту үшін ашық сабақтарымда, күнделікті сабақтарымда тапсырмалар, түрлі ойындар, логикалық есептер беріп, қолданған болатынмын.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда логикалық есептерді өзімнің іс тәжірибемде қолданып келемін.
— Егер фигура үшбұрыш болмаса, онда ол ақ түсті.
— Егер фигура шеңбер де, үшбұрыш та болмаса, онда ол ақ түсті.
— Егер фигура көгілдір түсті болмаса және ол үшбұрышқа жатса, онда ол – шаршы.
— Егер фигура қызыл сары түсті болмаса, онда ол шеңбер емес.
1.Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды? 2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды? 3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу? 4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?
Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен пәндік, функционалдық сауаттылығын дамытуға болады. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп, тұрмыс тіршілікке қажет экономикалық есептерді шығаруға жаттықтыруда маңызы зор.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:
-білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); - оқыту нысандары мен әдістері;
-білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
-мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
-мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
-барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін ұғуға, оларды іс- тәжірибеде қолдана алуға үйрету қажеттігі туындайды.
Математикалық ұғымдарды оқытуда, келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:
а) математиканы, қарапайым ұғымдарды мектепте оқытуда теориялық жақтарын таныстырумен бірге, іс- тәжірибеде қолдана алу бағытында жұмыс жүргізу;
ә) математикалық ұғымдарды үйретуді олардың жас ерекшеліктеріне байланысты күнделендіріп, алған білімді тұрмыс- тіршілікте қолдана білуге үйрету;
б) математикалық ұғымдарды қалыптастыруды сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда жүргізу.
Берілген курстың өзектілігі оқушыларды математика пәнінен интеллектуалды сайыстарға, ғылыми жұмыспен айналысып, шығармашылыққа баулу қажеттілігі және математиканы өмірде қолдану функционалды сауаттылығының маңыздылығын ескере отырып – жан-жақты дамығын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет