Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б



бет84/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93
Байланысты:
annotation165748

Мемлекет – қоғамды басқарудың, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.
Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;
2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.
Миссия – лат. тапсырма
Монархия – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Мораторий – тоқтам салу. Мысалы, өлім жазасына тоқтам салу.
Нарықтық экономика– тауар айырбасы сферасы. Ол қажеттіліктен бақыланады және мұнда еркін баға үстемдік етеді.
Неке – тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғамға негізделетін және реттейтін, ерлі – зайыптылардың отбасыдағы құқықтарымен міндеттерін белгілейтін рәсім. Ер азамат пен бойжеткен, ер мен әйел арасындағы жұбайылық өмір.
Объект – субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың обьектісіне саясат әлемі жатады.
Отар – лат. 1) Басқа мемлекеттің зорлығымен саяси және экономикалық тәуелсіздігінен айырылған ел немесе аймақ; 2) Бұрын адам болмаған жерде құрылған аймақ.
Отбасы – бала тәрбиелеуді қамтамасыз ететін және басқа да қоғамдық мәні бар қажеттіліктерді қанағаттандырып отыратын адамдардың некелік және туыстық қатынастары арқалы байламысатын тобы
Өркениет - қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Қазақ өркениеті ұғымы ежелгі өркениеттерден бастау алып, далалық түрін империялық қазақ хандығы тұсында қалыптасқан. 
Палеография – жазу – сызу, жазбалар, хат – хабармен байланыстының бәрін зерттейтін ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет