11.5-сурет. Шекті магнит өрісінің температураға тәуелділігі
Асқын өткізгіштікті магнит өрісі арқылы бұзылуы қайтым- ды болып табылады. Әр түрлі асқын өткізгіштің әр түрлі шекті өрісі Нс0 бар. Бұл 11.3-кестеде көрсетілген. Нс0 мен Т с-ны біле тұра (11.1-кесте) және (11.3) формуланы қолдана отырып, кез келген температурада асқын өткізгіштің шекті өрісін табуға болады.
11.3-кесте Әртүрліасқын өткізгіштерүшінНс0-діңмәні
Асқын өткізгіштер
Нс0,А/м
Al Cd Ga In Hg Os Re Ta
Tl Sn
0,79
0,24
0,41
2,2
3,3
0,5
1,6
6,6
1,4
2,4
207
Асқын өткізгішке магнит өрісінің ену сипаттамасы бойын- ша соңғылары екі түрге бөлінеді.
1-інші типтегі асқын өткізгіштер. Оларға магнит өрісінің енуі өріс кернеулігі Нс(Т) мәнінен асқанша болмайды. Егер өріс осы мәннен көп болса, барлық үлгі қалыпты күйге келеді және өрістің толық енуі орын алады.
1-іншітиптегіасқынөткізгіштер.Бұл асқын өткізгіштерде екі шекті өріс Нс1(Т) және Нс2(Т) болады. Төменгі шекті аз мәні Нс1(Т) өріс кезінде магнит ағыны үлгіге кірмейді. Егер магнит өрісі жоғарғышекті мәннен Нс2(Т) асса,онда бүкілүлгіқалыпты күйге ауысады жәнеөрістің толықенуі бақыланады. Нс1 <Н <Нс2 кезінде магнит ағынының жекелеген енуі болады. А.А. Абрико- совтың ұсынысы бойынша араласқан күй деп аталатын күй туындайды және тәжірибе бойынша дәлелденгендей өріс асқын өткізгішті үлгіге жіңішке құйынды жіп күйінде енеді. Сонымен, үлгіде кезектесіп қалыпты және асқын өткізгіш аймақтардан тұратын күрделі құрылым пайда болады.
Екінші типті асқын өткізгіштегі аралас күйді кейде Шубни- ковтың фазасыдеп те айтады.
11.6 және 11.7-суреттерде сәйкесінше магнит өрісінде Н кернеуліктің өсуі кезінде 1-інші және 2-нші түрдегі асқын өткіз- гіштердің ішіндегі В магнит индукциясының өзгерісі көрсе- тілген.