Пікірталасжәне оның түрлері


Пікір – сайыс технологиясы - оқытудың ұлттық жаңа үлгісі



бет2/2
Дата30.03.2023
өлшемі53 Kb.
#77407
1   2
Байланысты:
stud.kz-65205

Пікір – сайыс технологиясы - оқытудың ұлттық жаңа үлгісі.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктерімен ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен байи түсуде - ауызша және жазбаша, телефон, радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде. Нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен де білім беру мазмұны жаңаруда, Олай болса оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық – педагогикалық бағыттағы негізгі ой – тұжырымдары төмендегідей сипатталады:

  1. Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға көшу.

  2. Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық

құрылым жүйесіне көшу.

  1. Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп

саралап оқыту бағдарламасына өту.
4. Мұғалім мен оқушының бірлік одақта қызмет істеуі. Бір – біріне
басымдық көрсетпеуі оқушыға да, мұғалім де, субъект болуы.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мектеп ұжымдары әр мұғалім
күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл
жол ашаршылық қарым – қатынас жасаулары керек.
Оқыту түрлерін, құралдарын одан әрі жетілдіруде тиімді тәсілдерді
қолданудың жолдары іздестірілуі қажет. Қазіргі білім беру саласындағы
оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан –жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқөа да көптеген адам қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Енді дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқытудың айырмашылығын қарастырайық. Дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды роль атқарады, олар бірге отырып оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.
Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді роль атқарушы емес, жетекші позицияны ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өз жауабын іздейді, ал білімді ол әртүрлі жерден табуы мүмкін, шешімдері де әр оқушыда әртүрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптасады. Оқушы да, мұғалім де субъектіге айнвалады. Екеуі де бірлік одақта қызмет істейді. Мына төмендегісуреттерде дәстүрлі оқытудағы мұғалім мен оқушы ара қатынасы (1 сурет) және жаңаша оқытудағы мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс (2 сурет) көрсетілген.
Жаңаша оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі, әрі тиімді процесс. Жоғарғы суреттегідей мұғалім білім мен оқушының ортасында тұрмас үшін барлық стратегияларды жақсы меңгеріп оқыту технологиясын қайта құру керек.
Бұл әдістер жаңаша оқыту міндеттерін шешу құралы болып табылады. Оқушы төмендегідей іскерлікпен дағдыны қалыптастырады.
Атап айтқанда, оқушы бұрын меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ой өрісін кеңейтеді, тақырыпқа сай сын тұрғысынан қарайды. Оқушы өз алдына сұрақтар қойып, жауап іздеуге, мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей білуге, білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру үшін қажет дағдыларды өз бетімен қолдануды үйренеді. Әдепті батыл сөйлеу, проблемаларды анықтай алу, топтың жалпы шешіміне үлес қосу, өз ойын тұжырымдауға, өздерінің үйренгендеріне жауапты қарауға, әріптестерінің ой – пікірін құрметтеуге, тыңдауға, салыстыра зерттеуге,үйретеді. Тақырыпты ғылыми түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.
Оқытудың жаңа моделі - пікірталас әдісі. Пікірталас – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Комуникативті пікір алмасу моделі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, методикалық нұсқауларды, «Дүние жүзі педагогика инновациясы» атты М. В. Клариннің еңбегін басшылыққа ала отырып, география пәнін оқытуда оқыту құралы ретінде пайдалану – жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп бірлесіп білім алуда жауапты іс - әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Егер пікір алмасуоқушы мен мұғалім арасында кезектескен жүйелі, бірізді сұрақ жауап түрінде жүргізілсе, онда ол біз күткен нәтиже бермейді. Бұрынғы оқу жүйесіндегі сұрақ – жауап түріндегі оқушы мен мұғалім арасындағы төменгі дәрежедегі байланыс әдісі.
Сурет №1
1 суретте жоғарғы деңгейдегі коммуникативті пікір алмасу, яғни бірлесіп білім алудағы, ақиқатты іздеудегі жауапты іс - әрекет. Мұнда оқушы жетекші позицияда болса, ал мұғалім мәселені меңгеруде, талқылауда және шешім шығаруда көмекші серік міндетін атқарады.
Мен оқытудың коммуникативті пікір алмасу стратегиясымен Қазақстан – Сорос қорының «дебат» немесе пікір сайыс бағдарламасымен шұғылдана жүріп, осы әдістің технологиясын меңгеруге қол жеткіздім және пікір талас моделін география пәнін оқытуда қолдану тиімді екендігінде өз тәжірибемде көз жеткіздім. Менің сабақта қолданатын пікірталас моделінің арнайы құрылымы, ережесі бар, қолданыс аясы және уақыты шектеулі. Оның негізін салушы американ философы Карл Поппер. Оның ерекшелігі - әр қарсылас топтың бір – бірімен белгілі ережеге сәйкес ізденіске негізделген сайысқа түсуі, ақиқатқа жету жолын қарастыруы, дәлелдерін салыстыруы. Мына төменде Карл Поппер пікір таласы бағдарламасының пікір талас форматы берілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет