«Пионер» журналының балалар баспасөзіндегі орны



Pdf көрінісі
Дата09.03.2017
өлшемі227,28 Kb.
#8531

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

 «Пионер» журналының балалар баспасөзіндегі орны 

Бүгінгі  таңдағы  дамыған  балалар  баспасӛзі  бірден  пайда  бола  қойған 

жоқ. Жалпы балалар баспасӛзінің  тууының ӛзі кӛне дәуірлердегі адамдардың 

бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Қазіргі балалар баспасӛзі қазақ 

публицистикасының 

бір 

бӛлшегі. 



Қазақ 

зерттеушілерінің 

ішінде 

публицистикаға  тұңғыш  анықтаманы  Ахмет  Байтұрсынов  ӛзінің  «Әдебиет 



танытқыш»  атты  еңбегінде  берді.  «Кӛсем  сӛз  шешен  сӛз  сияқты  әлеуметке 

айтқанын  істету  мақсатымен  шығарылатын  сӛз.  Шешен  сӛзден  мұның 

айырылатын  жері  –  шешен  сӛз  ауызша  айтылады,  кӛсем  сӛз  жазумен 

айтылады.  Кӛсем  сӛз  кезіндегі  әлеуметке  керек  іске  мұрындық  болып  істеу 

ыждахатымен  айтылады»  [1,  223-224-б].  Шын  мәнінде  публицистика 

әлеуметтік,  қоғамдық,  саяси  мәні  бар  бүгінгі  күннің  кӛкейкесті  мәселелерін 

кӛтеретін,  кӛпшілікке  сол  кезеңдегі  басты  міндеттерді  аңғартып,  саяси-

әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді. Публицистика белгілі бір 

күннің,  белгілі  бір  дәуірдің  тарихын  сол  күннің,  сол  дәуірдің  саясатымен, 

философиялық  кӛзқарасымен байланыстыра  отырып  жасайды.  Ол  қоғамдық 

мәселелерді  сырттай  емес,  ӛмірмен,  тәжірбиемен  ұштастыра  отырып 

баяндайды.  «Кӛсем  сӛз  –  мерзімді  баспасӛз  бетіндегі  кӛптеген  жанрларға 

бірдей қатысты ұғым. Сондықтан кӛсемсӛзшілер (публицистер) айтпақ ойы, 

оны  жеткізу  ыңғайына  қарай  кейде  памфлет,  кейде  эссе,  мақала,  ашық  хат, 

кейде  фельетон  жазып,  жариялайды»  [2,122-б].  Нағыз  публицистикада 

әлеуметтік-тәрбиелік  ықпал  жасаудың  орасан  зор  күші  бар.  Ӛйткені  ол 

оқырманға,  кӛрерменге,  тыңдаушыға  дұрыс  бағыт  сілтейді.  Адамдардың 

ақыл-ойы  мен  сӛздеріне  әсер  етудің  маңызды  рӛлін  атқарады. 

Публицистикалық  құбылыстарға  ғылыми  тұрғыдан  баға  беру,  дәлелдеудің 

айқындығы, ӛткірлік, барынша ықпал етуге ұмтылушылық тән.  

Қазақ  зерттеушілерінің  ой-тұжырымдары  публицистика  туралы  білім 

кӛкжиегін  кеңейте  түседі.  Т.С.Амандосов:  «Публицистика  -  ӛмірдің  сырлы 

суреті. Публицистика  арқауы – шындық. Публицистика адамдар арасындағы 

әлеуметтік қарым-қатынастардың кӛрінісі деген сӛз, яғни ӛмірдің әлеуметтік, 

саяси-экономикалық,  ӛндірістік,  ғылыми  және  рухани,  тағы  басқа 

құбылыстарын,  ӛмір  фактілерін  байыптап  түсіндіріп  береді»  [3,128-б],-  деп 

ой түйеді. Ал Т.Қожакеев: «Публицистика нақты ӛмірден орын алып отырған 

мәнді  оқиға-фактілер  тӛңірегіндегі  пікірді  қозғап,  сол  туралы  дұрыс  ұғым 

қалыптастыруға  ықпал  жасайды.  Яғни,  публицистика  –  фактінің,  нақты 

оқиғаның  жанры»  [4,127-б],-  дейді.  Зерттеуші  Т.Ыдырысов  публицистика 

жайлы  мынадай  пікір  білдіреді:  «Публицистика  –  жазушы  мен  журналистің 

әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті ӛмірге, әрқилы қоғамдық шабытпен терең 

ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі» 

[5,71-б]. 

Сонымен 

қорыта 


айтқанда, 

публицистика 

дегеніміз 

– 

публицистикалық  шығармалардың  жиынтығы.  Яғни,  очерктер  мен 



фельетондар,  мақалалар  мен  ашық  хаттар,  эсселер  мен  репортаждар, 

жиынтығы. 

Журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі 

бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын 

белгілі  бір  аппарат,  әлеуметтік  институт.  Ал,  публицистика  –  белгілі  бір 

нысаны,  орны,  функциясы,  мазмұны  мен  құрылымы,  пішіні  бар,  белгілі  бір 

жанрлар  жүйесі  бар,  қоғам  мүшелеріне    әсер  ету  тәсілдері  бар  тұтас 

шығармашылықтың  түрі.  Соның  ішінде  қазақ  публицистикасының  бір 

бӛлшегі – балалар баспасӛзі. Оның пайда болуы, ӛзіндік даму тарихы туралы 

зерттеу  бүгінгі  күннің  маңызды  мәселелелердің  бірі.  Осы  тақырыпты 

таңдаудың сәті түсіп, зерттеу нысанына айналдыру барысында кӛп маңызды 

мәселелерді  кезіктіріп,  тілге  тиек  етпекпіз.  Бұл  мақалада кешегі  мен бүгінгі 

балалар  бапасӛзінің  ішінде  ӛзіндік  орны  бар,  негізі  болып  табылатын 

«Пионер» журналының тарихы мен дамуы, қалыптасуы кеңінен сӛз болады. 

 

ХХ  ғасыр  басынан  басталатын  қазақ  балалар  баспасӛзі  мен  бүгінгі 



таңдағы  балалар  баспасӛзінің  даму  арналарын  ашып,  анықтау,  соның 

барысында  тақырыптық,  проблемалық,  жанрлық,  пішіндік  ӛзгерістерді 

біртұтас бірлікте пайымдау болып табылады.   Үшінші 

мыңжылдықтың 

басында  әлем  адам  ӛмірінің  барлық  қырларын  ӛркениетті  жаһандандыру 

үдерісіне негізделген жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Ол тәуелсіздігін алған 

Қазақстан Республикасы оның жетістіктеі мен кемшін тұстарын бастан кеше 

отырып,  үдеріске  нақты  қатысушы  болып  отыр.  Қазақстандық  БАҚ-тардың 

жаһандану  дәуірінде    адамның  дамуына  тиімді  әсер  ете  алатын 

мүмкіншіліктері жеткілікті. Бүгінгі күні елімізде ақпараттық рыноктың негізі 

қалыптасып,  аса  қажетті  элементтері  пайда  болды  десе  де  болғандай. 

Елімізде  2116  БАҚ  жұмыс  істейтінін  ескерсек,  соның  ішінде  балаларға 

арналған  БАҚ-тың  саны  елуге  жуық  оның  ішінде  мемлекеттік  және 

мемлекеттік  еместері  де  бар.  Ақпараттар  кеңістігі  ӛзгеріп,  дамып,  әлемдік 

медиа-компаниялар құрылып, әлемдік медиа қауымдастыққа шығып келеміз. 

1925  жылғы  қаңтар  айында  Орынбор  қаласының  Троицк  кӛшесіндегі 

37-үйде  қазақ  балаларына  арналған  тұңғыш журнал шықты. Бақытты  ӛмірге 

түбегейлі  бет  бұрған  халықтың  тарихында  қалуға  тиіс  бұл  игі  іске 

басшылықты  жас  республикамыздың  толып  жатқан  ұйымдары  жалынды 

публицист Ерғали Алдоңғарұлына тапсырған болатын. Зерек қаламгер жаңа 

журналдың жұмысына құлшына кіріскен. «Бұл 1920-жылдар – Қазақстанның 

түкпір-түкпірінде  пионер  қозғалысының  белең  ала  бастаған  кезі  еді. 

Мойнына  қызыл  галстук  таққан  жас  жеткіншектер  жер  жүзі 

пролетариатының  ұлы  кӛсемі  –  В.И.Ленин  ісіне  адал  болуға  серт  беріп, 

революция  жеңістерін  түбегейлі  баянды  етуге  жұмылған»  [6,  4-б  ].  Сол 

кезеңдегі  «Пионердің»  жарыққа  шығуы  жас  ұрпақтың  ойлау  мәдениетіне 

жаңаша бетбұрыс әкелген, балалардың кеңестік ӛмірдің негізгі қағидаларын 

бойына тез әрі терең сіңіріп, ӛздері таптық күреске жұмылған ірі саяси күшке 

айнала басталуына куәгер. Тұңғыш сандағы «Балалар ұйымы туралы», «Жас 

пионер  басшысы  қандай  қалып  сақтау  керек?»,  «Екібастұз  кеніндегі 

пионерлер  жайы»  [6,  4-б]  секілді  мақалалар  бір  қолдан  шыққанына 


қарамастан,  қазақ  халқының  жас  буынына  биік  мақсат,  айқын  бағытқа  жол 

сілтеуге жасалған ірі қадамдар еді. 

Мұрағат  қойнауындағы  сарғайған  парақтарды  ақтарып  отырсақ,  онан 

бүгінде  есімі  жұртшылыққа  танымал  Шолпан  Иманбаева,  Жүсіпбек 

Арыстанов  секілді  ақын,  журналистің,  Мұхтар  Әуезов,  Бейімбет  Майлин, 

Сәбит  Мұқанов  секілді  туған  әдебиетіміздің  іргетасын  қалаған  ірі 

қаламгерлердің шығармалары жарияланғанын кӛреміз. «Пионер» 1931 жылы 

Қызылорда  қаласында  «Екпінді  жас»  деген  атпен  шыға  бастады.  «Екпінді 

жас»  «Пионердің»  әуелгі  міндетін  толығымен  атқарып,  республика 

пионерлері  мен  қызметкерлерінің  ӛмірінен  ӛз  оқушыларын  ұдайы  хабардар 

етіп отырды. Оның шығуына С.Мұқанов, Б.Майлиндей кӛрнекті жазушылар 

үнемі  жәрдемдесіп  отырды.  Ал,  Әмина  Мәметова  (Мәншүктің  анасы) 

журналға  бас  редактор  болып  қол  қойған.  «Пионер»  журналы  1937-1939 

жылдары  «Вожатыйға  кӛмекші»,  «Вожатый»  деген  атпен  де  шығып  тұрды. 

Бұл  –  Қазақстандағы  пионер  қозғалысының  терең  қалыптасып,  социалистік 

қоғамның ірі міндеттеріне түбегейлі бет алған кезеңі еді. 

1939  жылы  журнал  қайтадан  ӛзінің  әуелгі  «Пионер»  деген  атымен 

жарық кӛріп, лениншіл жас жеткіншектердің қолына тиді. Бұл кезде негізінен 

әдеби  басылым  болған  журнал  балалардың  еңбекке  араласуын, 

Отанымыздың  экономикасы  мен  қорғаныс  қуатын  барынша  нығайтуға 

тікелей  атсалысып,  әскери-патриоттық  тәрбиені  негізгі  міндет  санағанына 

куә  боламыз.  Жамбыл  Жабаевтың  жас  ұрпақты  ынтымақшыл  бірлікке, 

отыншылдыққа  тәрбиелеген  ӛлеңдері  «Пионер»  арқылы  қалың  жас 

оқырмандардың  кӛкейіне  қонды.  Журнал  халық  батыры  Аманкелді 

Имановтың әскери жорық жолдарымен ӛзінің тұңғыш тарихи-этнографиялық 

экспедициясын  ұйымдастырды.  Кремльде  тұңғыш  рет  жоғары  үкімет 

наградасын  алған  12  жасар  пионер,  қазақ  қызы  Роза  Шамжанованы 

республика жеткіншектеріне таныстырған осы «Пионер» журналы. 

Фашизм  тұтқиылдан  тап  берген  кезде  журнал  қызметкерлері  де  қару 

алып  майданға  аттанды.  1946  жылы  «Пионер»  қайта  шыға  бастады.  Оның 

алғашқы  санына  М.Әуезов,  Қ.Сәтбаев,  С.Мұқанов  алғысӛз  жазды.  «Менің 

пәлендей  ғылым  адамы  болуыма,  менің  пәлендей  ӛнер  адамы  болуыма  ең 

алғаш қозғау салып, ой талабымды оятқанның бірі «Пионер» журналы болып 

еді,  дейтін  болсын»  [7,  11-б],-  деп  жазды  заманымыздың  ұлы  жазушысы 

М.Әуезов. Журнал соғыстан соң 1960 жылға дейін үзбей шығып тұрды. Осы 

уақыт аралығында «Пионер» ӛзінің мыңдаған оқырмандарын шаруашылықты 

қайта қалпына келтіруге, тың далаларды бірге кӛтеруге үндеп, оларды ғылым 

мен техника үйірмелеріне тартып, білімін тереңдетті. 

Сол кезеңдегі ӛскелең ұрпаққа деген зор қамқорлығының нәтижесінде 

1978 жылдың январь айында «Пионер» қайтадан жарыққа шықты. «Пионер» 

журналы  алдағы  ғасырға  бет  алған  жас  жеткіншектердің  рухани  шежіресін 

жазған үстіне жаза түсуде. Журналдың бүгінгі бет-бейнесінен Қазақстан жас 

ұрпағының жарқын келбетін кӛре аламыз. 

 «Пионердің»  тарихы  дегенде  тоқталмай  ӛтуге  болмайтын  бір  нәрсе  – 

оның үлкен жауапкершілігін азаматқа тән алып жүріп, редакция жұмысының 


ыстық-суығын кӛтеріскен, журналға игі еңбегін сіңірген жандардың қастерлі 

есімдері.  Соның  ішінде  екі  бірдей  талантты  журналист,  ақын-жазушының 

есімі  ерекше.  Олар  Хасен  Сейілханов  пен  Секен  Дайырбеков.  Хасен 

Сейілханов  1939-1941  жылдар  аралығында  «Пионерге»  басшылық  етті. 

Таланты  енді  ғана  гүлін  жайып  келе  жатқан  жас  жазушы,  ақын  журналдың 

ұйымдастырылуына,  қалыптасуына  үлкен  еңбек  сіңірді,  жас  қазақ 

ұландарына тәрбие беру жұмысына ерекше үлес қосты. «1941 жылы Москва 

түбіндегі  сұрапылда  ерлікпен  қаза  тапқан  «Пионердің»  редакторы бүгіндері 

сарғайған суреттен сол жап-жас, жігерлі күйінде қарайды...» [8, 8-б]. 

Секен  Дайырбеков  –  «Пионердің»  әуелі  жауапты  секретары,  ал  1941 

жылы бас редакторы болып істеді. Ол да жас, талантты ақын, журналист еді. 

Соғыс  жылдары  ауыр науқасқа шалдыққан  ол 1945  жылы  дүниеден кетіпті. 

«Ізгілік  жаны  игіден  шығады»,-  дейді  дана  халық.  «Пионердің» 

шығармашылық  ұжымының  ӛзара  үлкен  достығының  куәсіндей  кішкентай 

ғана  кітап  бар.  Ол  -  ӛмірден  ерте  кеткен  жас  ақын  Секен  Дайырбековтың 

«Арман» [9] атты жыр жинағы. 1950 жылы жарық кӛрген кітаптың алғы сӛзін 

жазып,  әріптес  досының  аз  ғана  мұрасын  құрастырған  «Пионердің»  1946-

1952  жылдардағы  редакторы  Тӛкен  Әбдірахманов.  Ал  осы  жинақта  Хасен 

Сейілхановқа арналған автордың сағынышты ӛлеңі де жүр. 

1942  жылы  жазылған  осы  ӛлең  мен  1950  жылы  дос  қамқорлығымен 

жарық кӛрген жинақтың қастерлілігі – бұлардың үлкен достықтың, мақсаты 

бір,  бір  ыстық  ұяның  балапанындай  болған  үш  азаматтың  риясыз 

достығының, жан жылуының айқын белгісі екендігінде. 

1946 жылдың шілде айынан бастап «Пионер» журналы қайтадан шыға 

бастады. Сол жылдары журналдың редколлегия мүшесі болып,  аз уақыт үш 

номеріне редактор ретінде қол қойғандардың бірі – Нұрхан Ахметова. Қазақ 

балаларын  білімге  ынталандыру,  ӛнерді  сүюге  құштарландыру,  биік  жан-

жақты  жақсы  ӛнегесі  бар  азамат  етіп  қалыптастыру  міндетін  «Пионер» 

журналы  сол  алғашқы  номерлерінен  бастап  ӛзіне  жүктепті.  «Журналдың 

әрбір  санының  жоспарын  құру  үстінде  қандай  тақырыпта  қандай  нәрселер 

береміз  деген  мәселенің  тӛңірегінде  қызу  талқылау  жасаймыз.  Әйтеуір, 

журнал қайткенде де оқушы қолына рухани қазына боп тиюі керек деген ой 

әрқайсымызды  тыншытпайды.  Қазір  сол  жылдардағы  журнал  беттеріне  кӛз 

жүгіртіп  отырып,  соғыстан  кейінгі  мезгілдегі  пионерлердің  ӛмірін,  балалар 

әдебиетінің ӛсу жолындағы бет-бедерін танығандай боламын» [10, 3-б]. Сол 

кезде  журналға  автор  болуға  жазушыларымыз  үлкен  құлшыныс  білдіріп 

отырғаны  байқалады.  Мұхтар  Әуезов,  Сәбит  Мұқанов,  Қасым  Аманжолов, 

Хамит  Ерғалиев,  Әбу  Сәрсенбаев,  Дихан  Әбілев  тағы  да  басқа  қазақтың  ірі 

жазушылары  балаларға  ӛздерінің  талантты  сӛздерін  арнады,  шығармалар 

жазды. 


Журнал бетінде бұрын  астанамыз болған  Алматының ӛсу, сәулеттену 

бейнесін оқушыларға үнемі таныстырылып отырған. Республиканың Ғылым 

Академиясының  ашылуы  жӛнінде  академик  Қаныш  Сәтбаевтың  балаларға 

арнап  жазған  мақаласы  жарияланған.  «Пионер»  республиканың  сол  кездегі 

ӛмірін  дәйекті  түрде  жаза  білген  басылымдардың  бірі  болды  десек  артық 


емес.  Уақыт  ӛте  келе,  ӛмір  ӛзгереді.  Журнал  да  мезгілмен  бірге  қозғалып, 

тақырып ауқымын кеңейте берді. «Пионерді» елуінші жылдардың пионерлері 

де  оқыды.  Енді,  міне,  жаңарған,  жасарған  үлкен  тарихы  бар  «Пионер»  

бүгінгі оқушының қолында. Ӛткенге шегініс жасасақ, бүгіннің бастауларын, 

артқа тастаған белестерін еске түсіреміз.  

Мұхтар  Әуезов:  «Пионер»  журналының  қайта  шыға  бастауына  шын 

қуанамыз. Қазақтың жас жеткіншек, талапкер, үміткер гүлдері ӛз тілінде, ана 

тілінде  кӛркем  тәрбие  алмағы  аса  қымбат.  «Пионер»  әдебиеттен,  кӛркем 

ӛнерден,  ғылым-білімнен,  әлеумет,  саясат  тірлігінен  –  баршасынан  да  ӛз 

оқушысына  дән-дерек,  нәр-қорек  беріп  тұрмақ»  [11,11-б].  Ақындық, 

артистікке, күйшілік, суретшілікке кішкентайдан баули берсе, нұр үстіне нұр 

екенін  жұрттың  бәрі  біледі.  Бірақ  тек  бұл  салалар  емес,  ғылымға  да  жас 

жеткіншек  ӛзін-ӛзі  ерте  күннен  ұқыпты,  ынталы  етіп  әзірлеп  бейімдей  бере 

алады. Сол аса қымбат, қажет те. «Пионер» журналы ӛзінің оқушыларын осы 

айтқандай  келешектерге,  ұлы  Отанының  кӛрнекті  азаматы  ететін 

келешектерге әзірлеуші, дос, кӛмекші болып келеді. Журналдың оқушылары 

мен жас жазушылары арасынан сегіз қырлы, гүл-гүл жанған жас ӛнерпаздар 

кӛп  шыққанын  тарих  дәлелдеп  отыр.  «Кейін  солар  атақты  асыл  азамат  боп 

пісіп,  толған  шақтарында  ӛздерінің  естегісін  шолғанда:  «Менің  пәлендей 

ғылым адамы болуыма, менің пәлендей ӛнер адамы болуыма ең алғаш қозғау 

салып,  ой  талабымды  оятқанның  бірі  «Пионер»  журналы  болып  еді»[11,11-

б],-  дейтін  болсын.  Журналдың  осындай  сапасы  болсын.  «Пионердің» 

шығуына қуаныш білдірумен қатар, сондайлық талап қойып сенім артамыз. 

 «Пионер»  тарихы  туған  халқымыздың  ұлы  перзенттері  Бейімбет 

Майлин, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Сәбит Мұқанов есімдерімен тығыз 

байланысты. Олар ел қамын, болашағын ойлайтын ӛздеріне тән үлкендікпен 

«Пионерге»  қуана  тілектес  болды,  журналдың  қалыптасуына  тікелей  ықпал 

етіп  отырды.  1925  жылы  «Пионердің»  №  2-3  сандарында  «Нық»  деген 

бүркеншік  атпен  Бейімбет  Майлиннің  «Жолаушы  Мырқымбай»  атты  қысқа 

әңгімесі  жарияланыпты.  Ал  1946  жылы  «Пионер»  қайта  шыға  бастағанда 

Мұхтар, Қаныш, Сәбит ағалар ізгі тілектерін білдірді. «Пионер» журналының 

1925  жылғы  №2-3  сандарында  шыққан  Б.Майлиннің  «Жолаушы 

Мырқымбай» әңгімесі тӛмендегідей: 

Мырқымбай  жол  жүріп  бір  мешіті  бар  ауылға  кез  болып  түсе  қалған. 

Уақыт  дәл  бесін.  Түскен  үйінің  қожалары  мешітке  намазға  кеткен  екен. 

Мырқымбай  бұрын  намаз  оқып  мешітке  барып  сопылық  қылған  адам  емес. 

Сонда да түскен үйінің, келген ауылының мешіті бар сопы ауыл екенін біліп, 

жалма-жан құман алып, дәрет алған болып, жүгіріп мешітке келді. 

Мешіттің тӛр жағында ақ сәлделі молда: қолында кӛк асасы бар, сақалы 

беліне  түскен,  құтырып-ақ  отыр.  Мырқымбайдың  жұрттың  алдына 

шыққандай сықыны жоқ: үсті-басы жыртық-жыртық... 

Келіп  бір  шалдың  жанына  отыра  қалды.  Кӛп  ұзамай-ақ  жанындағы 

шалына  қараса  кӛзінен  жасы  бұлаудай  болып  аққан.  Еңкілдеп  жылап  отыр. 

Молда  құтбаны  жылмитып  жатыр.  Жұрт  тым-тырыс.  Мырқымбай  не  қылса 

да  жанындағы  шалдың  неге  жылағанын  білгісі  келіп  ақырын  шалдан:  «Сіз 


неге  жылайсыз?  Молданың  оқып  тұрған  құтпасының  мағынасына  түсініп 

отырсың  ба?  Түсінсең  маған  да  айтшы,  не  деп  тұр?»  -  деді.  Шал  қозғала 

беріп: «Ойбай, неменесіне түсінейін. Жылағанымның мәнісі мынау: былтыр 

мал дегенде жалғыз  кӛк тоқал ешкім бар еді. Сол ешкім жоғалып кетіп еді. 

Шӛп  жегенде  сол  ешкімнің  сақалы  ана  молданың  сақалындай  шошаңдап 

тұрушы  еді.  Молданың  сақалының  селкілдегенінен  жоғалған  ешкімнің 

сақалы есіме түсіп, сонан кӛңілім бұзылып жылап отырмын» [12,13-б],- деген 

қысқа ғана әңгімесі басылған. 

«Балалар,  бұл  Академия  –  болашақтағы  ғылым  иесі  сендердің 

академияларың.  Сендер  ғылымға  жан-тәндеріңмен  беріліп,  ӛздеріңді  ғылым 

адамы  болуға  бейімдей  беруге  тиіссіңдер.  Ӛлке  байлығын  тексерудегі,  ауа 

райын  бақылаудағы,  түрлі  модельдер  жасаудағы,  ән-күй  үйренудегі 

сендердің  ұшқыр  ақылдарың  ғылымға  кӛп  пайда  келтіреді.  Адам  қандай 

ғылым,  қандай  ӛнердің  болса  да  қайраткері  болуы  үшін,  оған  жастайынан 

бой ұрып, машықтануы тиіс» [13, 12-б],- дейді академик Қ.Сәтбаев. 

«Ұлы  Отан  соғысының  салдарынан  жабылып  қалған  «Пионер» 

журналының  қайтадан  шыға  бастауы  аса  қуанышты  оқиға.  Олай  дейтін 

себебім,  расын  айту  керек,  қазақ  тілінде  балалар  әдебиеті  жоқтың  қасы. 

Соғыстан бұрын қазақ тілінде балаларға арналып «Октябрь балалары» газеті 

мен «Пионер» журналы шығатын еді де, балалардың білімін кӛтеруге, кӛркем 

сезімін ӛркендетуге кӛп кӛмек беретін еді. Соғыс кезінде бұл екі баспасӛздің 

тоқталуы, балалардың рухани ӛсуіне кӛп кедергі жасады. Енді, сол газет пен 

журнал  қайтадан  шығып  отыр.  Бұл  –  бір  қуаныш  болса,  екіншіден  –  соғыс 

жылдары  балалар  қызығып  оқитын  кӛп  ерліктер  туғызды;  соғыстан  кейін 

халқымыз жаңа қарқынмен, сталиндік жаңа бесжылдықты орындауға кірісті. 

Осының бәрі, егер жазып бере алсақ, балаларға аса қажетті азық. Журнал, сӛз 

жоқ,  алдына  мұны  программа  етіп  қояды.  Журналдың  шығуына  қуанумен 

қатар,  мен  ӛзім,  осы  журналға  үзбей  жазып  тұруды  ӛзімнің  борышым  деп 

санаймын [14,12-б],- деген жазушы  С.Мұқанов сӛзінің жаны бар. 

 «Пионерде»  жұмыс  істеген  жылдар  ерекше  бір  нұрлы  сәулесімен 

есімде  қалды.  Мұның  екі  басты  себебі  бар.  Біріншісі  –  біздің  шағын  ғана 

творчестволық  коллектив  үлкен  мұрат  үшін  жұмыс  істеді.  Олай  дейтінім 

елдің,  халықтың  ертеңгі  асқақ  еңсесін,  болмыс-бітімін  ӛздерінің  азаматтық 

келбетімен  танытуға  тиіс  балғын  ұрпаққа  қызмет  етуден,  оның  бүгінгі 

«Пионердің» басты мақсаты қай кезде де осы болып келді» [15, 6-б]. Елуінші 

жылдардың алғашқы жартысындағы журнал тігінділерін ашып, парақтағанда 

оның  бүгінгі  «Пионердің»  заңды  түрде  ӛткен  жолы  екенін  айқын  аңғаруға 

болады.  Редакция  ұжымы  ең  алдымен  республика  пионерлері  мен  мектеп 

оқушылары  ӛміріндегі  жаңалықтарды,  олардың  білім  алу  мен  еңбекке 

араласудағы,  пионерлік  істердегі  жетістіктерін  мүмкіндігінше  кеңінен 

кӛрсетіп  отыруға  кӛңіл  бӛліп  келген.  Мектептерден,  дружиналар  мен 

отрядтардан келіп жататын хаттар, осы тақырыптағы мақалалар мен очерктер 

журнал  беттерінде  жиі  кӛрініп  отырған.  Балалардың  танымдық  шеңберін 

кеңейту,  олардың  мүмкіндігінше  кӛп  нәрседен  хабардар  болуына  жағдай 



жасау  –  журналдың  ерекше  назар  аударып  отыратын  мәселесі  болғанына 

кӛзіміз жетті. 

Ғылым мен техника жаңалықтары, табиғаттың сан алуан сыры, ӛмірге 

уақыт  енгізіп  жатқан  жаңалықтар,  ұлан  байтақ  Отанымыздың  қайнаған 

ӛміріндегі  жасампаздық  ӛзгерістер,  әлемдегі  оқиғалар...  қысқасы,  бұл 

журналда  барлық  тақырыптар  сӛз  болған.  Негізінен  әдеби  басылым  болып 

есептелетін  «Пионердің»  беттерінде  жарық  кӛрген  әдеби  шығармалар  осы 

мақсатты – балалардың ӛнегелі тәрбие алуын, олардың азаматтық болмысын 

қалыптастыруды кӛздейтін. 

Ерекше  айтатын  бір  жай  –  «Пионер»  туған  әдебиетіміздің 

қалыптасуына  үлкен  кӛмегі  тиген,  талантты  ақын-жазушыларымыздың 

кӛбінің  қаламгер  ретінде  тӛселуіне  әсер  еткен  басылым  болды.  «Пионерді» 

соншалық  ыстық  кӛрсететін  екінші  себебі  –  оның  жұмысына  атсалысқан 

азаматтар – редакция қызметкерлері мен авторлардың үлкен тобы. 1952-1955 

жылдар аралығында редактор болған С.Қирабаевпен бірге белгілі аудармашы 

Мұқамбет Нұртазин (жауапты хатшы), талантты жазушы Мұқан Иманжанов 

пен  ақын  Мұзафар  Әлімбаев  (бӛлім  меңгерушілері),  суретші  Николай 

Лебедев  және  техникалық  редактор  Израиль  Наумович  Соскинд  жұмыс 

істеген.  Осы  шағын  ғана  ұжым  журнал  жұмысына  үлкен  еңбек  сіңіргенін 

кӛреміз. 

Әсіресе, кӛкірегі сәулелі, жаны ізгі азамат Мұқан Иманжановтың орны 

журнал  тарихында  да,  тӛл  әдебиетіміз  тарихында  да  ерекше  еді.  Мұқан 

Иманжановтың  басшылығы,  Мұзафар  Әлімбаевтың  кӛмегімен  редакцияға 

шетінен  талантты  бір  топ  жастар  топтастырылды.  Бүгінгі  белгілі  ақын-

жазушыларымыз  Қадыр  Мырзалиев,  Тұманбай  Молдағалиев,  Еркеш 

Ибраһим,  Сәкен  Жүнісов,  Әбіш  Кекілбаев  сияқты  сол  кезгі  талапты 

жастардың кӛптеген ӛлең, әңгіме, повестері «Пионердің» бетінде жиі жарық 

кӛріп  отырды.  Ӛмірден  ерте  кеткен  талантты  ақын  Қосжан  Мүсірепов  те 

шығармашылық  жолын  «Пионерден»  бастаған-ды.  Аға  ұрпақ  ӛкілдері 

С.Бегалин,  С.Омаров,  Х.Ерғалиев,  С.Бақбергеновтердің  шығармалары 

журналда  жиі  жарияланып  тұрғанына  кӛзіміз  жетті.  «Пионерге»  ӛз 

шығармаларымен, мақалаларымен қатысып отырмаған ақын-жазушы кем де 

кем  десе  де  болғандай.  Сол  авторлардың  үлкен  тобы  қазақ  балаларының 

журналына әрқайсы ӛз үлесін қосты. Бүгіндері ойласақ, соның бәрі бір үлкен, 

мұратты іске саналы азаматтардың қуана қосқан үлесі екен. 

Жас  ұрпақтың  сүйікті  журналы  «Пионер»  де  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарының  қиыншылық  кезеңдерінде  уақытша  жұмысын  тоқтатты. 

Мерзімдік  баспасӛз  ұйымдарының  ішінде  «Социалистік  Қазақстан»  мен 

облыстық  газеттер  ғана  шағын  кӛлеммен    шығып  тұрды.  Журналистер  мен 

жазушылар бейбіт күндері қаламдарын серік етсе, енді қолдарына қару ұстап, 

неміс бақыншыларына қарсы бетпе-бет шайқасқа кірді. 

«Пионер»  журналы  1945  жылдың  екінші  жартысында,  шілде  айынан 

бастап  қайта  ашылды.  Бұл  қазақ  балалары  үшін,  мектеп  оқушылары  мен 

пионерлер  үшін  зор  қуаныш  еді.  Бұл  кезеңдегі  оның  редакторы  -  Тӛкен 

Әбдірахманов болды. 


Журналдың  игі  мақсаттарының  бірі  соғыс  алдында  жаңа  қалыптасып 

қалған балаң да жас қанат балалар әдебиетін есейту, ӛркендету болды. Соғыс 

жылдарында мектепте оқып, одан кейін жоғары оқу орындарында білім алған 

білімді  жастар  легі  балалар  тақырыбына  шығармалар  жазып,  «Пионер» 

журналының  тӛңірегінде  ӛздерінің  шығармашылық  қанаттарын  қатайтты. 

1946 жылдың аяқ шенінде журнал редакциясына жазушы Мұқан Иманжанов 

келгеннен  кейін  балалар  тақырыбына  жазушылар  легі  барған  сайын  кӛбейе 

берді. Мұқан Иманжанов әдебиетке, ӛзі ұзақ жылдар қызмет еткен «Пионер» 

журналына  қатты  жаны  ашитын.  Ол  зейнеткерлікке  біржола  шыққан  кезде: 

«Кадр  алу  редактордың  ісі  ғой.  Сенің  ішкі  жұмысыңа  қол  сұққандық  емес. 

Менің бұл жеке пікірім. Кӛкшетауда Сәкен Жүнісов деген бір жас қаламгер 

бар.  Бірді-екілі  әңгімесін  жарияладық.  Түбі  осыдан  жақсы  жазушы 

шығады»,-  деді.  Біз  кӛп  ұзамай  Кӛкшетаудың  Қызылту  ауданында  мұғалім 

болып жүрген Сәкенді қызметке шақыртып алдық. Мұзафар Әлімбаев «Қазақ 

әдебиеті»  газетіне  ауысқандықтан,  орнына  Тұманбай  Молдағалиевті 

қызметке  алдық.  Кейін  Сәкен  Жүнісов  Москваға  оқуға  кеткенде 

Қызылордадан Нәсіретдин Сералиевті шақыртып алдық. Нәсіретдин ол кезде 

бойдақ еді, үйсіз-күйсіз бабы келмегендіктен, ол Қызылордаға қайтып кетті. 

Орнына  Зейнолла  Серікқалиев  келді.  Тұманбай  «Жазушы»  баспасына 

ауысқандықтан, ол орынға Жәнібек Кәрбозин келді. Ал Мұхамбет Нұртазин 

журналдың  жауапты  секретары,  Николай  Иванович  Лебедев  кӛркемдеуші 

редактор болып, журналдың соңғы кезеңдеріне дейін қызмет етті» [16, 21-б]. 

Бұлардың  бәрі  де  іскер  журналистер,  әдебиетті  шын  сүйетін  қаламгерлер 

болған.  Олардың  ұйымдастырушылығы  арқасында  журналдың  тӛңірегіне 

балалар  тақырыбына  жазатын  ақын-жазушылардың  үлкен  бір  тобы 

шоғырланды. Бір кезде іргесін Қалмақан Әбдіқадыров, Ӛтебай Тұрманжанов, 

Сапарғали  Бегалин,  Сейітжан  Омаров,  Зияш  Қалауова,  Баубек  Бұлқышев, 

Мұқан  Иманжанов,  Секен  Дайырбеков  қалаған  балалар  әдебиеті  күмбезінің 

шаңырағын  Б.Соқпақбаев,  Н.Ғабдуллин,  С.Сарғасқаев,  Қ.Ыдырысов, 

Ә.Дүйсенбиев,  Н.Сералиев,  Е.Мырзахметов,  Ш.Смаханұлы,  С.Баязитов, 

Ж.Кәрбозин, тағы басқалары жоғары кӛтерді. Балалар әдебиеті, оның ішінде 

балалар  баспасӛзі  үлкен,  ӛскелең,  қазақ  әдебиетінің  жауқазын  бір  бұтағы 

болды.  Журнал  редакциясы  қызметкерлері  мен  авторлары  елімізде, 

республикамызда болып жатқан маңызды оқиғалардың бәріне де ат салысты. 

Тың  кӛтеруге  байланысты  шағын  әңгімелер  де,  ӛлеңдер  де  журнал  бетінде 

жарияланып отырды. 

1960  жылдан  бастап  республика  жастарын  техникаға  баулу 

мақсатымен,  «Пионер»  журналының  орнына  «Білім  және  еңбек»  журналы 

ашылды. «Пионер» журналы он сегіз жылдан кейін қайта ашылды. Ол ӛзінің 

алғашқы  санынан  бастап,  балалар  әдебиетінің  тізгінін  берік  ұстап  келеді. 

Журналдың  бұрынғы  жақсы  дәстүрлері  мен  авторларын,  оқырман  қауымын 

оның  70  жылдан  асқан  шығармашылық  еңбектеріне  үлкен  құрметпен  қарау 

әрбір қазақ азаматының парызы деп білеміз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 


 

1.  Байтұрсынов  А.    Шығармалары.  –  Алматы.  Жазушы,  1989.  - 

320-б. 

2.  Даль  В.  Толковый  словарь.  Т.Ш.  –  Москва.:  Государственное 



издательство иностранных и национальных словарей., 1956. – С.535. 

3.  Амандосов  Т.С.Совет  журналистикасының  теориясы  мен 

практикасы. – Алматы. Мектеп, 1978. -273-б. 

4. Қожакеев. Т.Жас тілшілер серігі. – Алматы.  Рауан, 1981. -224-б. 

5.  Ыдырысов  Т.  Шеберлік  бастауы.  –  Алматы.  –  Мектеп,  1984.  -

191-б. 


6.  Кӛпішев  Ә.  Жас  ұрпақ  ӛмірінің  жаршысы.  //  Жетісу.    1995.  5 

наурыз. 


7.  Әуезов  М.  Менің    талабымды  оятқанның  бірі  «Пионер» 

журналы. // Пионер.  1946. №2. 11-бет. 

8. Нұртазин М. Ізгіліктің ізіндей. // Пионер. 1956. №1. 8-бет. 

9. Дайырбеков С. Арман. – Алматы.  Мектеп. 1950. 

10. Ахметова Н. Рухани қазына. // Пионер. 1946. №3. 5-бет. 

11. Әуезов М. «Пионер» журналына. // Пионер. 1946. №1. 5-бет. 

12. Б.Майлин Жолаушы Мырқымбай // Пионер. 1925. №2-3.  

13. Сәтбаев Қ. «Пионер» журналына. // Пионер. 1946. №1. 5-бет. 

14. Мұқанов С. «Пионер» журналына. // Пионер. 1946. №1. 5-бет. 

15. Қирабаев С. Үлкен мұрат ұстанған. // Пионер. 1950. №6. 8-бет. 

16.  Ыдырысов  Р.  Жас  ұрпақтың  сүйікті  журналы.  //  Білім  және 

еңбек. 1985. №1. 



 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет