23- есеп. Астана қаласы тұрғандарының саны.
Қазақстанның астанасы Астана қаласы бүгінгі күнде тез өркендеуде.
Халқының саны да жылдан жылға өсуде.
2.2-
кестеде Астана қаласының 1989 ж., 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж., 2014 ж.
тұрғындарының саны берілген.
2.2-
кесте – Астана қаласы тұрғандарының саны
Жыл
1989 ж
2000 ж 2005 ж 2010 ж
2014 ж
Тұрғындар саны
281252
381000
529335
649139
814401
1- сұрақ. 1989 жылмен салыстырғанда 2014 жылы тұрғындардың саны
қанша пайызға артты?
Жауабы: _______.
2- сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай?
Жауабы: _______.
3- сұрақ. Астана халқы өсуінің осындай пайызы сақталатын болса, онда
Астана тұрғындары неше жылдан кейін миллионнан асады?
Жауабы: _______.