47- есеп. Аудан.
Тіктөртбұрышты жер телімінің периметрі 360 м, ұзындығы оның енінен
3
есе артық.
1- сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____________.
2- сұрақ. Осы жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы: ____________.
48- есеп. Фигураның биіктігі.
Биіктігі 27 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып
құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері
радиусына тең.
Сұрақ. Цилиндр қандай биіктікте болады?
Жауабы: 9 см.
49- есеп. Құты.
Табанының ұзындығы 48 см болатын цилиндр тәрізді құтының ішкі
қабырғасында жоғарғы ернеуінен 3,5 см жерде бір тамшы бал жабысып тұр, ал
оған диаметрлік қарама-қарсы сыртқы қабырғасында шыбын отыр (2.22-сурет).
Шыбынның балға дейін жылжып бара алатындай ең қысқа жолдың ұзындығын
табыңдар.
2.22-
сурет
Шығарылуы: Цилиндр тәрізді құтының бүйір бетінің жазбасын
қарастырамыз (2.23-сурет).
А нүктесінен В нүктесіне дейінгі ең қысқа жол ұзындығы АВ
І
кесіндісінің
ұзындығына тең болатын АСВ жолы болып табылады.
АВВ
І
үшбұрышының АВ катеті шеңбердің ұзындығының жартысына тең,
ал ВВ
І
катеті 7 см-ге тең екенін ескерсек, онда іздеп отырған ең қысқа
қашықтық
.
25
7
24
2
2
см =
+