62- есеп. Нүктенің координаталары.
1 сұрақ. Егер M (3; -4) вектордың басының координаталары болса, онда
MN = {-1;
3} бірлік векторының ұшының координаталарын табу керек.
Жауабы: ____________.
2- сұрақ. Дұрыс пайымдауды көрсетіңіздер:
1)
MN векторы бірлік вектор болып табылады;
2)
тапсырмада қарама-қайшы деректер бар;
3)
вектордың ұшының координаталары (-2; 1; 2) түрінде болады;
4)
тапсырманың шешуі жоқ.
Жауабы: ____________.
63- есеп. Нүктенің координаталары.
А нүктесінің координаталары – (1; -2), АВ кесіндісінің ұзындығы 8-ге тең.
В нүктесінің координаталарын табу керек.
Сұрақ. Дұрыс жауапты көрсетіңдер:
1)
В нүктесінің координаталары (-2; 0) түрінде болады;
2)
тапсырмада артық деректер бар;
3)
тапсырмада қарама-қайшы деректер бар;
4)
тапсырмадағы деректер оны шешу үшін жеткіліксіз.
Жауабы: ____________.
68