37- мысал. Дымқылданған киім мен аяқ киімді кептіру үшін, тамақ
дайындау үшін, жануарларды қорқыту үшін түнгі уақытта алау жағу қажет.
Сіріңке болмаған жағдайда от шығару үшін бес бамбук талынан ұзындығы 40-
50
см және көлденеңі 5-8 см таяқша дайындайды. Дайындалған құрғақ бамбук
таяқшаларының үшкір ұштарын пышақпен жонады. Шидің біреуін жерге
жартылай енгізеді. Қалған төртеуін арасына құрғақ шөпті қыстыра жерге
жартылай енгізіп, қос-қостан қалайды. Содан кейін шилерге көлденеңінен ойық
жасап, шилерді тік таяқшаға қыса отырып, шөп тұтанғанша, жоғары-төмен
қозғалтады.
Сұрақ. Бұл жерде энергияның қандай өзгерісі жүреді? Қандай энергияның есебінен шөп тұтанады? Жауабы. Механикалық энергия шөптің ішкі энергиясына айналып, осының
салдарынан ол қызады.