Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



Pdf көрінісі
бет54/212
Дата23.02.2022
өлшемі4,99 Mb.
#26196
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   212
2  PISA-2015 
халықаралық  зерттеуінің  талаптарына  сәйкес  математика 
бойынша дидактикалық материалдар мен оқу тапсырмалары  
 
Математикалық сауаттылық - өзі тұрып жатқан әлемде математика рөлін 
анықтау  және  түсіну,  жасампаз,  мүдделі  және  ойшыл  азаматқа  тән 
дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және 
болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алу қабілеті.  
Сонымен  қатар,  математикалық  сауаттылық  дегеніміз  математиканың 
өмірдегі  орнын  түсіну,  білу;  әр  түрлі  формада  берілген  сандық  ақпаратты 
оқу, талдау; есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі 
тексеру,  өмірмен  байланыстыру;  математикалық  білімін  өмірлік 
жағдаяттарда  кездесетін  түрлі  мәселелерді  шешуде  еркін  қолдану  болып 
табылады.  
PISA 
халықаралық 
зерттеуінде 
оқушылардың 
математикалық 
құзыреттіліктерін тексеру үшін келесі үлгідегі тапсырмалар пайдаланылады:  
1) 
жауаптары таңдап алынатын тапсырмалар;  
2) қысқа ерікті жауабы бар тапсырмалар;  
3) кең көлемді ерікті жауабы бар тапсырмалар.  
Алғашқы  екі  үлгідегі  тапсырмалар  әдетте  тиісті  оқу  материалы  бойынша 
тым қарапайым білімдер мен біліктерді тексеру үшін пайдаланылады.  
Күрделірек  біліктер  үшінші  үлгідегі  тапсырмалар  арқылы  тексеріледі, 
мұнда оқушылар шыққан жауаптың толық шешімін немесе негізделуін жазады.  
Сонымен  қатар  PISA  халықаралық  зерттеуінде  тапсырмалар  мынадай 
деңгейлерге бөлінген:  
1)  барлық  тиісті  ақпараттар  берілген  және  сұрақ  анық  тұжырымдалған 
тапсырмалар. Оқушылар ақпаратты бірдей етіп және белгілі жағдайларға сәйкес 
жалпыға танылған әдістерді жүзеге асыра алады;  
2) оқушылар негізгі алгоритмдерді, формулаларды, тәсілдер мен әдістерді 
қолдану арқылы шығаратын тапсырмалар;  
3) рет-ретімен орындалатын тапсырмалар;  
4) нақты жағдайға арналған нақты модельдері берілген тапсырмалар;  
5)  анықтап  алу,  салыстыру,  бағалау,  мәселелерді  шешудің  белгілі 
стратегиясын жасау арқылы шығарылатын тапсырмалар;  
6) бұрын болмаған жағдайларды қарастыратын, жаңа әдістерді дамытатын 
тапсырмалар.  
Математикалық  сауаттылық  бағытында  PISA  тапсырмаларын  бағалау 
технологиясы осы жастағы оқушылардың математикалық білімдерін логикалық 
тәсілдер мен математикалық интуицияны талап ететін жағдайларда пайдалана 
білу қабілеттерін тексереді.  
Сонымен,  математика  пәні  бойынша  тапсырмаларды  шешуде 
оқушылардың:  

математикалық  білімдері  мен  әдістерді  пайдаланып,  математикалық 
есептерді шығару;  
42 
 



математикалық  пайымдаулар  жолымен  қабылданған  шешімдерді 
негіздеу;  

пайдаланылған шығару әдістерін талдау;  

алға қойған міндеттерді ескере отырып, шыққан нәтижелерді түсіндіру;  

қабылданған шешімдерді тұжырымдау біліктері болу керек.  
Тапсырмалардың мазмұнын таңдап алуда математиканың дәстүрлі мектеп 
курсының  негізгі  тақырыптары  ескерілген:  арифметика,  алгебра,  геометрия, 
ықтималдық, статистика.  
Сонымен қатар, PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларына сәйкес іс-
жүзінде  жоғары  маңыздылығы  бар  бірқатар  сұрақтарға  едәуір  көңіл  бөлінеді. 
Атап  айтқанда,  геометриялық  шамаларды  өлшеуге,  бағалау,  пайыз,  масштаб, 
нақты  тәуелділіктерге  берілген  диаграммалар  мен  графиктер,  ықтималдық, 
статистикалық көрсеткіштерге және т.б.  
Әрі  қарай  PISA  халықаралық  зерттеуінің  талаптарына  сәйкес  математика 
пәні бойынша тапсырмалар келтірілген.  
I. 
Негізгі  алгоритмдерді,  формулаларды,  тәсілдер  мен  әдістерді  қолдану 
арқылы шығарылатын тапсырмалар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет